Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3150 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 05:38

Бауыржан Байтілеуов. Бұл қандай жүйе, қандай билік?!

Сурет: Қазақстан және "Нұр Отан". Сәбиттің карикатурасы. Сурет "Азаттық" радиосының сайтынан алынды

М. Шаханов ағамыздың 12-3=? поэмасын жұрттың бәрі білетін шығар. Ондағы оқиға бүгінгі күні біздің қоғамымыздың барлық саласында орын алуда. Қазіргі қоғам сол формуламен өмір сүруде. Әркімнің айтар өз ойы бар. Бірақ қазіргі қоғамның шынайы бет-бейнесі көкірегі ояу азаматқа тайға таңба басқандай айқын.

Билік

Сурет: Қазақстан және "Нұр Отан". Сәбиттің карикатурасы. Сурет "Азаттық" радиосының сайтынан алынды

М. Шаханов ағамыздың 12-3=? поэмасын жұрттың бәрі білетін шығар. Ондағы оқиға бүгінгі күні біздің қоғамымыздың барлық саласында орын алуда. Қазіргі қоғам сол формуламен өмір сүруде. Әркімнің айтар өз ойы бар. Бірақ қазіргі қоғамның шынайы бет-бейнесі көкірегі ояу азаматқа тайға таңба басқандай айқын.

Билік

Қазіргі билік - шексіз мақтауға негізделген билік. Ол мақтаудан басқа ештеңені естімейді, көрмейді, естігісі де келмейді. Сынағандарды «халық жауы, елді артқа тартушылар» деп жазғырады, қудалайды. Сондықтан парламентке нағыз оппозицияны, ұлт патриоттарын, Шахановты және т.б. өткізбейді. Билікте  бір сөз бар, Қазақстанда оппозиция әлсіз деген. Мақұл ақ, бірақ неге сол әлсіз оппозицияны парламентке өткізуден өлердей қорқады. Ал жағымпаздардан құралған биліктің болашағы бар ма? Жоқ! Олар шындықты айтпай, бетіңе жылтырап, кез-келген сәтте елін сатып кетуден тайынбайтын «элита». Элита деуге де жарамайды. Сонымен бірге қазіргі билік жастардың болашағын мүлде ұмытқан билік. Билікте сол баяғы коммунистер отыр. Жаңа буынға билікте орын жоқ. Болған күннің өзінде де олар құлдық сананы бойына сіңіріп келе жатқан жастар. Сонымен бірге, билікте де өз халқына жаны ашитын тұлғалар бар. Бірақ олар үнсіз отыр. Жылы орындарынан айырылудан қорқады. Ашық ойлы азаматтар билікте қалмады. Олар биліктен аластатылды. Тек жағымпаздар қалған. Жастар саясатының әлсіздігінен қазіргі жастар ертеңгі күнге сенімін жоғалтқан, қылмыс көбейіп, діни теріс ағымдардың жетегінде кетуде. Жұмысқа тұру үшін жоғарыда бір көкең мен қалтаңда ақшаң болуы керек. Бұл қандай жүйе? Бұл қандай билік?! 2030-ды қойып, 2050-ді шығарды. Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің! 2030-ды біз орындап қойған екенбіз. Орындасақ біздің бай қуатты халқымыз, азияның Барысына айналған Қазақстанымыз қане? Сол баяғы ауылда тезек теріп жүрген қазақ, 15 мың теңге зейнетақыны алуға үш күн кезекке тұратын қарттар, жұмыссыз жастар, базардағы әйелдер, тәнін сатқан қаракөздер және т.б. Осылар ма бай қуатты Азияның барыстары? Қонаев атамыз айтқандай, Брежнев заманымен жылап көрісетін уақыт келді-ау. 3 жылдық бюджетті игере алмай жатып, 2050 дегені несі? Соған қарап біздің билік жалпы басқа әлемде өмір сүріп жатыр деуге болады. Олар ертегілер елінде күн кешуде. Ал халық жерде қалды. Билік өкілдері оппозиция тек жаман жағын айтады, жақсы жағымызды, жетістіктерімізді айтпайды дейді. Неге айтпасқа, егер ашылған зауыт президенттің кетісімен жабылмаса, қымбатшылық болмаса және т.б. Парламентте шындықты айтатын азаматтар болмаса, билікке жаңа көзқарастағы жастар келмесе, қоғамдық саяси бәсекені алып тастау қазіргі биліктің тағдырын нолге алып келеді. Тарихтың беретін бағасы сол болады. Сол алтын «3» ті алып тастау биліктің негізгі қателігі. Ал халқына оқ атуы кешірілмес қатесі, тарихтағы үлкен қасірет. Бұл оқиғаның шындығы келешекте ашылады, тарих барлығын өз орнына қояды. Билік неге ашық ойлыларды қудалайды, олар да осы елдің азаматтары ғой, қазақтың қаны, ұрпақтары, балалары.

Оппозиция

Билік айтқандай, оппозицияны бір жағынан әлсіз деуге де болады. Бірақ олардың әлсіздігі біріге алмауында. Оппозицияда білімді азаматтар, ұлтына жаны ашитын патриоттар біріге алмауда, саяси амбиция басым болып тұр. Оппозицияда 2 партия қалды десек, коммунистер мүлдем қимылсыз қалған, ал Азат қайтадан екіге бөлінген. Оппозиядан Жақиянов, Жандосовтардың да көңілі қалған. Оппозицияда мемлекетке, ұлтқа шынайы жаны ашитын білімді азамат Т. Жүкеев ағамыз деуге болады. Бірақ ол кісінің өзі қазіргі оппозициядан күдерін үзген сияқты. Оппозиция неге ұлт патриоттарын өз қатарына қоспайды, Шаханов ағамызды неге қолдамайды? Яғни, мұнда да «12-3=?» жүзеге асуда. Білімді азаматтар Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан ағаларымыз елі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап бағуда. Олар білімді, мемлекетшіл тұлғалар. Бірақ олардың оппозицияға да қажеті жоқ сияқты. Ал Әбілев референдум десе, Тұяқбай құрылтай дейді. Оппозиция үлкен күшке айналуы үшін саяси амбицияны жинастырып, қоғамның барлық зиялы қауымымен бірге жұмыс істеуі қажет, ең болмаса қазақ халқы үшін, қазақ жері үшін, қазақ тілі үшін, мемлекетіміз үшін! Оппозицияға да жаңа тұлғалар қажет. Жастармен жұмыс істеуі қажет. Кез келген қоғамға дамуы үшін саяси бәсекелестік, күшті оппозиция керек. Қазір тәуелсіздік жылдарында білім алған жастардың өзі отызға келді. Олар өзгерісті қалайды. Неге жергілікті халықпен, жастармен жұмыс істемейді оппозиция? Мұнсыз олардың да болашағы жоқ. Құр сөз бен айқай іске жарамсыз. Нақты, сапалы, стратегиялық бағдарламалар аз. Оппозицияға білімді,  саналы, көкірегі ояу, халықты соңынан ерте алатын тұлғалар қажет. Сонда ғана билікті өзгерте алады. Бірақ нақты мақсат билікті өзгерту емес, билікті өзгерту арқылы қоғамның дамуына үлес қосу, халықтың жағдайын жақсарту болуы шарт.

Тіл мәселесі

Қазақ тілі дамымай, қазақтың, жалпы Қазақстанның болашағы жоқ. Онсыз ол Ресейдің бір губерниясы болып қалады. Еліміздегі кейбір орыс шовинистері соны қалауда. Олар қазақ тілінің қорғаушыларын ұлтшылдар, ел тыныштығын бұзушылар деп айыптайды. Қазақ тілінің мүшкіл халі туралы аз жазылып жүрген жоқ. Бірақ оны тыңдайтын құлақ бар ма? Билік құлдық санадан арылмағанын, орыс тілінен ешуақытта бас тартпайтынын мәлімдеді. Қазақ тілін білмейтін, білгісі де келмейтін мәңгүрт қазақтар көбеюде. Ал басқа ұлттар соларға қарап күлуде, мазақ қылуда. Бірақ бір ұйымның өзі шешуге тиіс тіл мәселесі бейшараның күйін кешуде. Ол ұйым Жазушылар одағы. Ол Жазушылар одағы емес, Жағымпаздар одағына айналғалы қашан. Оларға жаның ашиды. Билік оларға тауыққа жем шашқан сияқты жыл сайын медальдар, ордендер, атақтар беріп тұрады. Олар соған мәз. Соншалықты риза билікті күнге теңейді, пайғамбарға балайды. Не деген масқара! Зиялы қауымның өзі құлдық санадан арылмаған. Ол зиялы емес, қоғамға зиянды қауым! Олар өздері ғана емес, қазіргі жастарды да сонымен улауда. Ал тіл мәселесінде Шаханов бастаған 5-6 жазушыдан басқасы мылқау. Халқына оқ атса да олар үнсіз. Олардың қазаққа бір тиын пайдасы жоқ. Олардан неміс болса да қазаққа шынайы жаны ашитын Г. Бельгер ағамыздың пайдасы көп тиді. Абай мен Алашордашылардан кейінгі қазақтың маңдайына біткен қайталанбас тұлға ол Шаханов деуге болады. Келесі жүзжылдықта мұндай тұлға бола ма болмай ма, оны бір құдай біледі. Қоғамның рухани әлемінде зиялы қауым жоқ десе де болады. Қазаққа жаны ашымайтын ақын жазушыларды көргенде құсқың келеді. Иманқұл ағамыз әрі ұстазымыз айтқандай қазір тілдің көр қазушылары көбейген. Балық басынан шіріген. Ал оған сен кімсің оларды сынайтын дейді екен. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық дегендей, олар кімдер өз тілін, ұлтын менсінбейтін. Қаншама қазақтың қаны төгілген киелі жерде қадам басып, өз анасының тілін білмейтін мәңгүрттер. Билік 2025 жылы латын әліпбиіне көшеміз деді. Ол мерзім жақындаған сайын орыстілділер оған кедергі жасауға тырысып, шулай түсетіні айқын. Сонымен рухани дүниеде де қазақтар бейшара күй кешуде. Мұнда да 12-3=?

Ғылым мен білім

Ғылым тілден бетер бейшаралыққа түскен сала болып қалуда. Қазіргі біздің қоғамда білімнің құны көк тиын. Барлығы сатылып кеткен. Университеттің бетін көрмей диплом алғандар көбеюде. Екінің бірі кандидат, ғылым докторлары, бірақ өздерінің қорғаған диссертациясының атын білмейді. Ашқан ешқандай жаңалығы жоқ. Өндірісте қолданылмайды. Жекеменшік білім ордалары дипломды оңды солды сатуда. Білім бизнеске айналған. Оларға студент саны керек ақша көп түсу үшін, бірақ оның сапасы керек емес. Ақшаң болса барлығын сатып аласың. Мұның салдары 20-30 жылдан кейін көрінеді. Ғылымда бәсекелестік жоқ. Кімнің ақшасы болса сол қорғайды. Ақшаң жоқ болса, малыңды бағып жүре бер! Мұнда қандай болашақ бар? Қандай дамыған 30 елді айтуға болады? Ең нашар дамыған 30 ел десе сенуге болады мынадай жүйемен. Тест жүйесі құрдымға түсті. Мұны билікте түсініп отыр. Тестті сатып алып, роботқа айналған жастар көбеюде. Екі әріптің басын қоса алмайды, бірақ грантта оқиды. Білімді, талапты бірақ қалтасында ақшасы жоқ жастар ғылымнан аластатылған. Олар саудада, базарда жүр. Өтірік ғалымдар көбейген.

Экономика

Ең алдымен экономика, сосын саясат деген сөз биліктің ең көп айтатын сөздерінің бірі. Ал осы экономикамыз қандай деңгейде? Бізде бидай бар, мұнай мен газ, жалпы айтқанда Менделеевтің барлық элементі бар. Бірақ өндіріс жоқ. Неге?! Аяғымыздағы шұлықтың өзін сырттан аламыз. Жеңіл өнеркәсіп дамымаған, барлығы шикізат күйінде сыртқа сатылады, ал бізге дайын өнім ретінде қайта сатылады. Ауылдар сол баяғы күйінде қаңырап тұр. Бюджеттен бөлінген ақшалар ұрылардың қалтасында жүр. Президент ашқан зауыттар ертеңіне жабылады. Барлығы көзбояушылық. Экономиканың негізгі индикаторы ЖІӨ 12 мың Ақш доллары болды дейді, ненің есебінен? Шикізатқа бағаның өсуінен, басқа ештеңе де емес. Айналдырған 15 миллион халықтың 3 миллионы жұмыссыз. Өйткені өндіріс жоқ. Байлық ат төбеліндей ғана адамның қолында. Ал олар капиталды сыртқа шығарумен әлек. Экономикада да бәсекелестік жоқ. Инфляция жылдан жылға өсіп, бағалар жоғарылауда, ал зейнетақы жүйесі банкротқа ұшырады. Оны тоқтатуға биліктің дәрмені жоқ. Шағын және орта бизнестің дамуы төмен дәрежеде. Оған үкіметтік кедергілер жоғары. Жоғары технологиялы өндіріс, интеллектуальды капитал атымен жоқ. Ертең мұнай таусылса не істейміз сонда?! Барлығы тек алып-сатумен айналысады. Қазіргі қазақтың экономикасы сол. Өз өнімін сатса да мейлі ғой, барлығы импорттық өнімдер. 20 жылда біз шикізаттық экономиканы қалыптастырдық. Машина жасау өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, қайта өңдеуші өнеркәсіп, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы шығынға батып дамымаған елде нанотехнологияларды айтудың өзі ұят. Ал билік «Экспо 2017» ні болашақтың энергиясы деп атапты. Күлкілі жағдай. Ауылда тезек пен жантақ жағып отырған Қазекеңнен ұят. Жалпы айтқанда, өндірісі жоқ «жетім» экономика.

Айта берсе таусылмайды, біздің қазіргі қоғамымыздың жалпы бейнесі өкінішке орай осындай.

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3557