Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2760 0 пікір 10 Тамыз, 2009 сағат 19:28

Гүлбиғаш ОМАРОВА. Асатпай жатып, "Құлдық!" деме...

Әлемдiк экономикалық дағдарыстың дүмпуi АҚШ-тан асып, мұхиттан өтiп, Еуразия құрлығына жеткенде де, салқынқанды сабырын сақтаған Қазақстан қаржы саласындағы қиыншылықты банктер несиелерiн қайтара алмай дағдара бастаған кезде бiр-ақ сезiндi.

АҚШ-та ипотекалық дағдарыс басталып кеткенде "Қазақстанды экономикалық дағдарыс айналып өтедi" деп жарыса мәлiмдеген шенеунiктер, одан соң жарты жыл өткеннен кейiн "Қазақстанда дағдарыс салдарларын жою бағдарламасы әлдеқашан қабылданып қойған" деп тағы мәлiмдеме жасады. 2007 жылдың қоңыр күзiнде сырқаты сыр берген әлемдiк экономиканың қай тұста дамыл тауып, тыныстайтынын кiм бiлсiн, дегенмен Қазақстан Үкiметi тағы да уақытты оза шауып, "ТМД бойынша Қазақстан бiрiншi болып дағдарыстан аман-есен шығады" деген мағынадағы мәлiмдемелер жасап жатыр.

Шын мәнiнде, бұл дағдарыс қазiрдiң өзiнде тұрмысы орташаны тәлтiректетiп, тұрмысы төмендi тұралатып үлгердi. Он миллиард доллардан астам қаржыны Ұлттық қордан суырып алып, экономикаға құя салған Мәсiмов Үкiметiнiң әзiрге мұрты да қисайған жоқ. Қазiргi Кабинеттiң баққаны - қаржыны жемқорлардан қорып, тиiстi орнына жеткiзу ғана.

Рас, мемлекеттiк бюджетке телмiрген қызметкердiң, зейнеткер мен студенттердiң тиесiлi ақшасы жыл сайын өсiп жатыр. Бiрақ қымбатшылық та қалтаны қағып тұр. Үкiметтiң қауқары - Президенттiң тапсырмаларын орындауға ғана жететiндей. Дегенмен, Елбасының елде орташа тұрмысты буын қалыптастыру керек деген тапсырмасы әлi сөз күйiнде қалып отыр. Елiмiзде болып жатқан оқиғаларға қоғамның өз көзқарасын дер шағында бiлдiре алмай жататыны сондықтан болса керек. Қазақстанда орта класс жоқтың қасы деуге де болады. Ресейде орташа тұрмысты отбасылар халықтың 21 пайызын құрайтын болса, бiзде бар-жоғы 7 пайыздан аспайды екен.

Орта буынның үнi өте бәсең екенi ақпан айында бiр-ақ күнде жүргiзiлген девальвацияның кезiнде анық сезiлдi. Теңгенiң АҚШ долларына шаққандағы бағамы 150-ден асып, 160-қа жеткенде қоғамның әр мүшесi өз басымен қайғы болып кеттi. Өкiмет девальвацияны өзi бастап, өзi реттедi. Азшылықтың үнi шықпай жатқанының белгiсi осы ма?

Ендi, мiне, девальвация өткелi жарты жылдан соң Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко: "Бiздiң сол кезде қабылдаған шешiмiмiз дұрыс екен" деп тағы мәлiмдеме жасады. Осы жарты жылда теңгенiң ресми бағамы 150-дiң о жақ бұ жағында болғаны рас, дегенмен, шұғыл жасалған девальвациядан кейiн ұлттық валютаның тағдырына деген сенiмнiң азайып қалғанын айту ләзiм.

Бiрiншi жартыжылдықты қорытындылаған Үкiмет экономикада аздаған алға жылжу бар деп мәлiмдеме таратты. Республикалық ақпарат құралдары премьер-министрдiң мәлiмдемесiне сүйенiп, "Дағдарысқа қарсы бағдарламаның" оң нәтижелерi туралы мәлiмет таратып жатыр. Тiптi, ресейлiк ақпарат құралдары да, "Қазақстанның дағдарыс салдарларын жою бағдарламасы бiздiкiне қарағанда тиiмдiрек" деп жазып жатыр. "Самрұқ-Қазына" менеджерлерi 2008 жыл бойына ресейлiк экономистермен кеңесiп, бiрге жұмыс iстегенiн ескерсек, көршiмiздiң бiзге деген ықыласының неге ерекше екенi түсiнiктi шығар.

Дегенмен, дағдарыстың әлi созыла түсетiнi анық. Moody"s халықаралық рейтинг агенттiгiнiң Қазақстандағы экономикалық жағдайы туралы жақында жасаған болжамы "сүйiншiлететiн" жаңалық емес. Рейтингтiк агенттiк Қазақстан Үкiметiнiң банктердi қаржыландыруы анау айтқандай оң нәтижесiн бере қояды дегенге күмәнмен қарайды. Қазақстанның банк жүйесi әлi де дағдарыстан ең көп зардап шегетiн саланың бiрi болып қалып отыр. БТА Банкi, Альянс банкi, Астана-Финанс банкi сияқты үш бiрдей қаржылық құрылымның дефолтқа ұшырауы осының салдары дейдi агенттiк сарапшылары. Мұнымен де қоймай, Moody"s Қазақстан үшiн ең жайсыз уақыт әлi алда деп болжайды, ал банк жүйесiнде әлi де бiраз банктроттықтар мен дефолттар болуы мүмкiн.

Ал Қазақстан Үкiметi мұндай мәлiмдемелерге құлақ аспастан, өз бетiмен тiрлiк етiп жатыр. "Самрұқ-Қазына" БТА банктiң акцияларын ресейлiк Сбербанкке өткiзудiң әртүрлi жолын қарастырып жатыр. Қайрат Келiмбетов БТА банктiң акцияларын Сбербанк акцияларына айырбастауды да ұсынды. Дегенмен, бұл ұсынысқа ресейлiк шенунiктердiң келiсе қоюы екiталай.

Кәрiм Мәсiмовтiң командасы "Бiзде бәрi жақсы" деген ұстанымға мықтап бекiнген тәрiздi, үкiметтiк басқосулар мен комитеттердегi жиналыстарда көңiл жұбатып, сенiм ұялататын сандар ғана айтылады.

Әрине, Мәсiмов дегенiне жетсiн деймiз. ТМД iшiнде Қазақстан экономикалық дағдарыстан абыроймен шықса деймiз. Дегенмен, "құрғақ қасық ауыз жыртады". Уәденi үйiп-төгетiн де, екi бiлектi түрiнiп, оны орындауға кiрiсетiн де кез болады. Бiздiңше, асатпай жатып, "Құлдық!" деуден аулақтау болған жақсы...

"Түркістан" газеті, 06.08.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558