Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 1948 1 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 13:11

Қаңтар оқиғасы: 49 құқық қорғау қызметкерінің біреуіне ғана рақымшылық жасалады

Қаңтар оқиғасы кезінде заң бұзған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек біреуіне рақымшылық жасалады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Abai.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, тергеу органдары қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 1600-ден астам адамды анықтап, оларды жауапқа тартып отыр. Оның ішінде рақымшылық 1500-ге жуық азаматқа жасалады.

«Осы орайда құқық қорғау органдарының 49 қызметкері жауапкершілікке тартылып отыр. Соның арасында тек біреуіне рақымшылық жасалуы мүмкін. Ол қылмысты жасыру дерегі бойынша тергелді. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандар, азаптау жасағандарға рақымшылық жасалмайды», - деді Ә. Шындалиев.

Сондықтан құқық қорғау органдарындағы 49 қызметкердің 48-іне рақымшылық болмайды.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3587