Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 3288 9 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 15:06

Өз елі өзегінен тепкен Симонян енді өкіріп жылайды

Армения билігі «Россия сегодня» медиагруп және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян мен Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің бірінші орынбасары Константин Затулинге елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы Симонянның өзі Telegram арнасында жазды.

Константин Затулин Армения парламентінің елге кіруге тыйым салуына оның Армения туралы пікірі себеп болғанын айтқан.

Армения тарабы жіберген хатта, Затулиннің Армения Республикасы туралы пікірлері екі мемлекет арасындағы достық және одақтастық қатынастардың дамуына нұқсан келтіретіні жазылған. Армян бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Затулиннің нон грата болуына себеп: оның Қарабақтағы 44 күндік соғыста жеңілген Арменияны қайта-қайта кінәлауы.

Ал Симонянның Қарабақ туралы: «Әрбір армян бір нәрсені түсінуі керек: Егер Ресей болмаса, келесі аптада-ақ,  бүкіл Қарабақтан айырылатын еді. Бәрінен. Себесеңіз Қарабақ басшысынан сұраңыз, - деп жазған жазбасы бар.

Мінекей, аузына келгенін ойланбай жайып салатын Ресейлік үгіт-насихатшыларды Армания билігі көргісі келмейтінін мәлімдеді. Сойы армян Маргарита үшін бұл күтпеген соққы болғаны айдан анық.

Маргарита Симоньян отқа май құйғанды жаны сүйетіндер қатарынан екенін білеміз. Елімізде болған «қаңтар оқиғасына» ҰҚШҰ әскері араласқаны үшін де Қазақстан Ресейге қарыз деген болатын.

«Ресей ҰҚШҰ әскерін жібергені үшін Қазақстан бірнеше талаптарды орындау керек», - деген еді Маргарита Симонян өз жазбасында.

«Әрине, міндетті түрде көмектесу керек. Бірақ, бірнеше шарт қою қажет. Қырымды мойындасын, кириллицаны қайтарсын, орыс тілін Қырғызстандағыдай екінші мемлекеттік тіл деп жарияласын, орыс тілді мектептерді жайына қалдырсын, Ресейге қарсы коммерциялық емес ұйымдарды қуып шықсын», - деп жазған ол. Ол бұрынғы Кеңес одағы елдерінің тәуелсіздігін «күлкілі» деп атаған.

«Тәуелсіздік – мемлекеттің бір-екі мың «таспен қаруланғандардың» әскерді қуып шығып, аэропорт пен қоймаларды басып алып және бір тәулікте елді тып-типыл қылғанына өзін Тәуелсізбін деп жүрген елден тікелей әскери көмек сұрауға мәжбүр болуы. Бұл – өте күлкілі Тәуелсіздік», - деді Симоньян.

Оның бейпіл ауыз байы да (Тигран Кеосаян), өзі де Қазақстан халқы мен билігіне ауыр-ауыр айыптау айтып, тілдері жеткенше тілдеп, керек болса, дөңайбат шешіп, шешенсіген, сөйтіп еларалық дау шақырған Маргарита Симонян деген дөңмұрынға Армения сияқты Қазақстанға да кіруге тыйым салу керек-ақ!

Айжан Темірхан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558