Жұма, 29 Наурыз 2024
Аласапыран 3481 6 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 15:16

«Лас бомбамен» қорқытып, лас тірлігін жасамақ...

Ресей Батысты тағы қорқытып-үркіту тактикасына көшті. Бұл жолы «ядролық қаруды қолданамыз» деп емес, Киев «лас бомбаны» қолданбақ дейді. Әрине, оған қандай да бір дәлел келтірмеді. Шойгу өзінің негізсіз сөзін дәлел болады деп есептесе керек, нақты құжаттарды ұсынбастан Украинаны айыптай жөнелді.

Алдымен «лас бомба» дегеніміз не, соны анықтасақ. «Лас бомба» дегеніміз жарылғыш затқа салынған радиациялық қалдық шашу мүмкіндігі бар қару түрі. Көбіне ол снарядқа садынады. Адамзат тарихында соғыс жағдайында лас бомбаны қолдану тіркелмеген. «Лас бомба» ядролық қару іспеттес жойқын болмаса да, қолданылған аймаққа үлкен залалы бар дейді мамандар. Су, ауа, жерді радиациялық қалдықпен ластап, тіршілік иесін қырып жіберу мүмкіндігіне ие. Соғыс және сынақ жағдайында нақты қолданылмағандықтан, қауіпті әсерін дөп басып айту қиын.

Мәскеудің мәлімдеуінше Киевтің лас бомбаны жасау мүмкіндігі зор. «КСРО кезеңінде ядролық қаруы болған, ядролық саласы дамыған және АЭС-тері бар ел үшін лас бомбаны жасау қиындық тудырмайды», - дейді ресейлік әскери сарапшылар. Киев бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарды және ақпаратты «ақымақтың сандырағы» деп атады.

Шойгу өткен аптада Ұлыбритания, АҚШ, Түркия және Францияның қорғаныс министріне қоңырау шалып, «Киев лас бомба жасауда» деп ескертіпті-міс. Бұл ақпаратқа Ұлыбритания, АҚШ және Франция бірлескен жауап қатып, Мәскеудің сөзіне сенбейтінін, Киевті соңына дейін қолдайтынын, Ресей арандату арқылы қандай да бір қауіпті қадамға барса (тактикалық ядролық қару немесе химиялық қару қолдану), қатаң жауап болатынын ескертті.

Мәскеудің Киевті «лас бомба жасап жатыр» деп айыптауы екі мақсатта айтылуы мүмкін: Киевке деген Батыстың қолдауын азайту және Батыстың Мәскеудің қарымта соққысына деген реакциясы. Реакция Мәскеу күткендей болмады, ал Киев «лас бомба жоқ, қажет болса келіп тексеріңдер» деп халықаралық комиссияны өзі бірінші болып шақырды. Омсылайша Мәскеудің ойы мен жоспары іске аспағандай.

Алайда Кремль бұл жалған тақырыпты қыздыруды тоқтатар емес. Бұл ішкі аудиториясына бағытталып отыр және Украинамен соғыста қауіпті фазаны бастайтынын аңғартқандай.

Ұрыс даласында Ресей әскері Бахмут бойында шегініс жасауда, ал Кремль тілімен айтсақ «тактикалық шегініс» немесе орын ауыстыру әдісі. Украина Бахмут Ресей әскерін екі шағырымға шегіндіріп, тиімді позицияларға бекіне алды. Херсон облысында да Украина әскері алға жылжуда, екі апта ішінде 90-нан астам елді мекен басқыншы қолынан азат етілді. Ресей Херсоннан халықты эвакуациялап (депортациялап) жатыр, ал әскері қала ішіндегі ұрысқа дайындалуда. Батыстық сарапшылар қаладан шығатын барлық өткелдер мен көпірлер Украинаның зымыран нысанасында екенін айтады. Қала үшін қиян-кескі шайқас апта соңында басталуы мүмкін деген болжамдар бар.

Ка Мырза

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2274
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591