Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3495 0 пікір 28 Қаңтар, 2013 сағат 08:55

Ауыс-түйіс: кім кім болып жатыр?

Серік Ахметов 2012 жылы қыркүйектің 24-і күні Үкімет басшысы болып тағайындалды. Содан бері атқарушы билік пен Президент әкімшілігінің ішінара азды-көпті ауыс-түйіс орын алған еді. Ақыры сол ауыс-түйіс 2013 жылдың басында барлық саланы қамтуға беттеген сияқты. Алайда қазақ жұрты мұндай «орынтақ алмастыру» науқандарына соншалықты мән беріп елең етпейді: әлдебір ортаның діттеген адамы немесе тосын бір тұлғаның тұғырға көтерілуі, сондай-ақ облыс басшысының «жаңалануы» болмаса, былайғы тағайындауларға таң қалуды қойған. Өйткені Қазақстан билігінде есімі бұрыннан мәлім фигуралар Президент қай қиырға салсада «шауып жүре»  береді. Бұл жайтты «Елбасы өз командасын далаға тастамайды», «Елбасы «кешірімшіл», «кең адам», «бір саланы ақсатып алған адамның қажыр-қайратын сарқа пайдалануға мүмкіндік жасайтын даңғыл кісі» деп келетін қазақы қайырымдармен де, біздегі саяси элитаның қалыптасуындағы басты ерекшелік деп те түсіндіруге болатын шығар. Әйтседе қаңтарда Қазақстанға тән бірен-саран өзгерістердің болғаны анық.  Сол өзгерістердің кейінгі реті былайша көрініс тапты. Сонымен кім кім болып жатыр? Қараңыз:

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов Спорт және дене тәрбиесі агенттігінің басшысы болып жатыр.

Қызылорда облысында 4 жылдан астам әкімдік қызмет атқарған Болатбек Қуандықов Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төріне жайғасып жатыр.

Аталған Агенттікті басқарған Ғабидолла Әбдірахимов Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары дейтін лауазымды иеленіп  жатыр.

Іңкәрбаев Дабыр Қамысбайұлы Президент Ісбасқарушысының бірінші орынбасарылығына тағайындалып  жатыр.

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қайрат Қожамжаров Президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы дейтін қызметке бекіп жатыр.

Руслан Жақсылықов ІІМ Ішкі әскерлерінің бас қолбасшылығына барып жатыр.

Сәкен Жасұзақов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының басшысы деген қос міндетті қоса атқаруға кірісіп жатыр.

Көкшенің Зеренді ауданында туып өскен Самат Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысының,  Ерейментаудың түлегі Құсман Айтмұхаметов Ақмола облысының әкімі болып жатыр.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Алик Серікұлы Айдарбаев тағайындалып, экс-әкім Бауыржан Мұхамеджанов Балтық жағалауы елдеріне елшілікке аттанып жатыр.

«Өзенмұнайгаз» директорлар кеңесінің ұйғарымымен Маңғыстау облысының тумасы  Асқар Рызаханов «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының орынтағына отырып жатыр.

Ауыс-түйістің барысында лауазым иелерінің ең жасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы 37 жастағы Ерлан Мұратов болды.

Тағайындаулар әліде жалғасады деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір