Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2011 0 пікір 12 Қазан, 2022 сағат 19:54

Қатар әмірінің сапары: Инвестициялық әріптестіктен күтетін үміт зор – сарапшы

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы Вячеслав Додонов мәлімдеді.

Қатар әмірі мемлекеттік сапары барысында түрлі саладағы әріптестікке жол ашатын 12 құжатқа қол қойды. Экономика саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған құжаттар қатарынан бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрлігі арасындағы сауда саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумды атап өткен жөн, - деді Вячеслав Додонов.

Айтуынша, инвестициялық әріптестіктен күтетін үміт зор.

Инвестициялық әріптестік әлеуетінің келешегі айқын деп бағалауға болады. Қатар Қазақстан үшін шетелдік инвестор ретінде экономиканың ауыл шаруашылығы, энергетика секторы, өңдеу өнеркәсібі сынды салаларында айрықша маңызға ие. Қазіргі уақытта елімізде Қатардан инвестиция жоқ, олардың көлемі 30 млн доллардан кем. Қатарға Қазақстанның инвестициясы 450 млн доллардан асады. Бұл салада әріптестік әлеуеті ауқымды және оның сауда саласында іске асырылуы қысқа мерзімде бірнеше есе артуына әкелуі мүмкін, - деп атап өтті ҚСЗИ қызметкері.

Сондай-ақ ол елдегі бүгінгі саяси оқиғаның екі мемлекетке не беретініне тоқталды.

Қатардың әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға мемлекеттік сапары мен оның барысында қол қойылған құжаттар екі мемлекеттің әріптестігінің жоғары әлеуетін іске асыруға және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдатуға ықпал етеді, - деді сарапшы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544