Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қоғам 9127 0 пікір 25 Қыркүйек, 2022 сағат 15:39

Соғыстың жаңа тактикасы: Аумақтық қорғаныс күштері

Қазақстанның Ресеймен шектесетін Қостанай облысында аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығулары басталды. «Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволардың күштері арасындағы өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, уәкілетті органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексеру – осы және басқа да міндеттер кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға жүктеледі», - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұл туралы сейсенбіде ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығуларға Қостанай облысы бойынша аумақтық қорғаныс бригадасында есепте тұрған әскери қызметке міндетті тұлғалар шақырылады. Олар жауынгерлік дайындықтың негізгі пәндері бойынша сабақтар жүргізеді.

«Кешенді оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді, оның белсенді кезеңі 21 қыркүйекте басталады. Бес күн ішінде мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері бекітілген Бекет-2022 оқу-жаттығу жоспарына сәйкес дағдарыстық жағдайлардан шығудың және сыртқы қауіптерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін әзірлейді. Оқу-жаттығу аясында облыс орталығының кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеліп, бұл туралы жергілікті тұрғындар қосымша хабардар етіледі», - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі. Қостанай облысы Ресейдің Орынбор, Челябі және Қорған облыстарымен шектеседі.

Аумақтық қорғаныс күштері әлемдік қақтығыстарда өз тиімділіктерін көрсетуде. Әсіресе Украинаның Ресей агрессиясында бұл әскери топтың аса пайдалы екені анық байқалды. Аумақтық қорғаныс күштерінің негізгі міндеттеріне әдетте кіреді: әскери (жауынгерлік) іс-қимылдарды жүргізуге арналған әскерлер (күштер) тобы немесе біріккен күштер тобы аумақ шегінде орналастырылғанға дейін белгілі бір аумақта аумақты қорғау және халықты қорғау бойынша дер кезінде ден қою және қажетті шараларды қабылдау, елге қарсы қарулы агрессияны тойтару; мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды күшейтуге қатысу; халықты, аумақтарды, табиғи орта мен мүлікті төтенше жағдайлардан қорғауға, әскери (жауынгерлік) іс-қимылдардың зардаптарын жоюға қатысу; ел азаматтарын ұлттық қарсылыққа дайындауға қатысу; мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және әскери басқару органдарының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге қатысу; маңызды объектілер мен коммуникацияларды, маңызды инфрақұрылым объектілерін және облыстық, аудандық, ауылдық, поселкелік, қалалық маңызы бар объектілерді, қалалардағы, ауылдық, кенттік округтердегі аудандық кеңестерді қорғауға қатысу; әскерлерді (күштерді) стратегиялық (жедел) орналастыру немесе оларды қайта топтастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету; төтенше жағдайлар немесе әскери (жауынгерлік) іс-қимылдар аймақтары/өңірлері маңында және шегінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша тыйым салу немесе шектеу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу; елді мекендерде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету шараларына қатысу; елдің бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аудандарында әскери жағдайдың құқықтық режимі енгізілген жағдайда шараларды енгізуге және жүзеге асыруға қатысу; диверсиялық-барлау күштерімен, агрессордың (жаудың) басқа да қарулы құралымдарымен және елдің заңдарында көзделмеген әскерилендірілген немесе қарулы құрамалармен күреске қатысу; мемлекеттің қорғаныс қабілетінің деңгейін арттыруға және агрессордың (жаудың) ақпараттық операцияларына қарсы тұруға бағытталған ақпараттық іс-шараларға қатысу.

Негізгі міндеттері осындай. Бұдан бөлек, аумақтық қорғаныс күштері соғыс жағдайында бірінші болып ұрысқа түсу және елді қорғау миссияларын атқара алады. Бұл тұрғыдан Украина елі әлдеқайда үлкен жетістіктерге жете білді және аумақтық қорғаныс күштерінің қажет екенін көрсетті. Ресей әскерінің Киев, Чернигов және Сум облыстарына кірген топтарын тоқтатып, жеңіліске ұшыратты. Ал қазіргі сәтте Харьков және Херсон облыстарын азат ету операцияларына қатысуда. Міне, бұл тәжірибелерді әлем елдері игеруде, алуда. Қазақстан да сол елдердің ішінде деп айтсақ болады.

Украинадағы аумақтық қорғаныс күштері жеңіл және атыс қаруларымен қаруланып, тиімді қозғалыс маневрын көрсетті. Қазақстан да бұл тәжірибелерді көріп, қажеттілігін түсінуде. Аумақтық қорғаныс күштері атты әскер ретінде жабдықталуы да мүмкін. Бұл Қазақстанның географиялық ерекшелігіне де байланысты тиімді шешім болмақ.

Abai.kz

0 пікір