Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 24 Қаңтар, 2013 сағат 08:10

Ғалым Боқаш. ПИЯЗ

Ілкіде бір шаһардың тұрғындары пияз деген заттың не екенінен бейхабар түрде ғұмыр кешіп жатыпты. Күндердің бір күнінде базбіреу базардың қақ ортасында тұрған қасапшының үстеліне үлкендігі қос жұдырықтай болатын пияз қалдырып кетеді. Белгісіз өсімдікті бірінші рет көрген үлкенді-кішілі жұрт үстелді айнала қоршап, таңдай қағысып, саусақтарын шошаңдатып, даурығысыпты да қалыпты.

Топ ішінен суырылып шыққан біреуі бейтаныс затқа барынша жақын келіп қарапты да, түшкіріп жіберіпті.

- Ойбай, жоламаңдар. Мынау түшкіртеді екен. Ауру таратады, - деп бажылдай жөнеліпті әлгі.

Батылырақ біреуі келіп, пиязды бәкісімен шұқып көріпті де, тыжырынып өзінше қорытынды жасапты:

- Мынаның сырты осыншама сасып тұр. Ал ішінен қандай мүңкіген иіс шығарын кім білсін?

Үшінші адам пияздың ішкі қатпарының бірін ажыратып алыпты да:

- Әй, мынауың тегін зат емес. Мынада бір кие бар. Һәм киелі, һәм сиқырлы. Қараңдаршы, қабығын аршып алсаң, ішінде және сондай бір қабық тұр! Алғанның үстіне ала беруге болады. Таусылмайды екен! - деп тамсаныпты.

Төртінші білгіш: «Байқаңдар. Мыналарың біздің берекелі базарымыздың бақ қонған басшысына дұшпандары әдейі салып жіберген у болмасын» деп күдіктеніпті.

Бесіншісі көп сөзін шығындамай жаңағы «таусылмайтын қабықтың» бірін сыдырып алып, үйіне апарыпты да, тұзбен қуырып жеп көріпті. Тіл үйірген дәмін татқан соң, сенімді деген аз ғана адамға пиязды қуырып жеуді үйретіп қойыпты.

Бұл уақытта «таусылмайтын киелі, һәм сиқырлы өнім» туралы хабар елге тұтас жайылып, көрушілер саны арта түскен. «Ойпырмай, қабық ішінде қабық. Керемет-ау, керемет! Таусылмайтын кен! Кие қонған дәм!» деп шуласқан жұрттың дауысы екі-үш жерден еміс-еміс шыққан «Осы киелі затымыз кішірейіп бара жатқан жоқ па?» деген әлсіз сұрақты көміп кете беріпті.

Бір күні таңғы базарға жиналған жұрт пияздың орнын сипапты да қалыпты. Көпшілік мұның сырын ұға алмай есеңгіреп біраз тұрыпты. Сол кезде манағы білгіштің дауысы саңқ ете түсіпті:

- Уай, мынау не деген опасыздық, а? Тәмам жұртты өзіне қаратып қойды да, сосын бірден ғайып болды.

- Рас, рас, - деп қосарлана күңіреніпті жұрт, - Онымен қоймай таусылатынын алдын-ала ескертпеді де ғой! Неткен опасыздық!

Аз-кем кеңескесін жәмиғат мынадай қорытындыға келіпті: «Мұндай кенеттен түгесілетінін алдын-ала ескертпейтін опасыз, һәм зиянды затсыз да өмір сүре аламыз!»

P.S. Қызықстандағы теріс төңкерілген құндылықтар көрмесінің сирек экспонаттары мен абсурдизм аренасында көлеңкесімен күрескен «балуандардың» өнерін тамашалап, қайран қалып отырғам. Басымды шайқап қалып едім, Шығыстағы осы бір тәмсілдің сарт етіп ойыма түспесі бар ма.

Желтоқсан, 2010 жыл

Жазба автордың фейсбук парақшасынан алынды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606