Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7756 0 пікір 24 Қаңтар, 2013 сағат 07:56

Мәдина Қайнарова. Ауыл жастары: ауылдың болашағы ма, әлде мәселесі ме?

"Ауыл жастары" дегенде көз алдымызға тонның ішкі бауындай топтасып жүрген ауылдың жастары келеді. Қаладағы өтіп жатқан қауырт тіршіліктен көз ашпайтын қалалық жастармен салыстырғанда ауыл жастарының кештері көңілдірек өтетіндей көрінеді. Мүмкін олай да емес шығар. Десе де, соңғы кездері ауылдың таза ауасы мен еркіндігінен жастарымыз қаланың асфальтті көшелеріне ұмтылады. Қалаға неге қызығады осы?

Ауылдың кеші
Қаймағы бұзылмаған қай ауылды алып қарасақ та, жастар жағы кеш батысымен міндетті түрде серуенге шығады. Жігіттер жағы бас қосып, ауылдың шаң көшелерін жаңа көргендей аралайды келіп, аралайды. Бір үйге басқа ауылдан, я болмаса қаладан бір бойжеткен келіп жатқанын естісе болды, сол үйдің маңайын торуылдайтыны да жастардың әдепті әдеті. Қызды үйінен итін үргізіп жүріп, ысқырығы жер жарып зорға дегенде шығарып алады. Содан қызды аға-жеңгесі үйіне қайта қуып кіргізгенше, әңгімелесіп мәз болысып қалады. Енді бірі „ақырындап„ арақ-шараптың дәмін татып, таң атқанша ауылдың ұйыған шырқын бұзатын еді. Бір ойлап қарасаң уақытты босқа өткізу. Қайда соғыларын білмей зерігіп жүрген жастар одан басқа немен айналыссын?! Жалындаған жастық шақта бір орында отыру мүмкін емес. Осылайша ауылымыздың жастары қалыптасқан „дәстүр„ бойынша кешке қарай қыдырысты бастайды.
Ауру қалса да, «агент» қалмайды

"Ауыл жастары" дегенде көз алдымызға тонның ішкі бауындай топтасып жүрген ауылдың жастары келеді. Қаладағы өтіп жатқан қауырт тіршіліктен көз ашпайтын қалалық жастармен салыстырғанда ауыл жастарының кештері көңілдірек өтетіндей көрінеді. Мүмкін олай да емес шығар. Десе де, соңғы кездері ауылдың таза ауасы мен еркіндігінен жастарымыз қаланың асфальтті көшелеріне ұмтылады. Қалаға неге қызығады осы?

Ауылдың кеші
Қаймағы бұзылмаған қай ауылды алып қарасақ та, жастар жағы кеш батысымен міндетті түрде серуенге шығады. Жігіттер жағы бас қосып, ауылдың шаң көшелерін жаңа көргендей аралайды келіп, аралайды. Бір үйге басқа ауылдан, я болмаса қаладан бір бойжеткен келіп жатқанын естісе болды, сол үйдің маңайын торуылдайтыны да жастардың әдепті әдеті. Қызды үйінен итін үргізіп жүріп, ысқырығы жер жарып зорға дегенде шығарып алады. Содан қызды аға-жеңгесі үйіне қайта қуып кіргізгенше, әңгімелесіп мәз болысып қалады. Енді бірі „ақырындап„ арақ-шараптың дәмін татып, таң атқанша ауылдың ұйыған шырқын бұзатын еді. Бір ойлап қарасаң уақытты босқа өткізу. Қайда соғыларын білмей зерігіп жүрген жастар одан басқа немен айналыссын?! Жалындаған жастық шақта бір орында отыру мүмкін емес. Осылайша ауылымыздың жастары қалыптасқан „дәстүр„ бойынша кешке қарай қыдырысты бастайды.
Ауру қалса да, «агент» қалмайды
Міне, міне интернеттің тағы бір жаңалығы майл.ру агент деген пайда болып, ауыл жастарына таптырмас тамаша ермек болды. Жасатар үшін дәл ойлап табылғандай. Компьютерді қойып, ұялы телефонға дейін еніп алған бұл байланыс құралының тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ, хабарласуға оңтайлы болу үшін ойлап тапқан байланыс құралы бүгінде жастардың іш пыстырмас ермегі ғана болып жүр. Мектеп жасындағылардан бастап мектеп үлкен бір қызметтің құлағын ұстап жүргендерге дейін түгелі дерлі ұялы телефондарына қадала қарап агентте отырады. Виртуалды өмірге әбден беріліп кеткен. Қайда жүрсе де, қолдарынан телефондары түспей, статусқа «Гуляю», «Пиво», «Где я?!» деп жазып қойып, көңілдері жартылай болса да осы агенттің ауылында. Жастар арасында «агентшілердің» қатары күн сайын, сағат сайын қарқындап артуда. Махаббат та осында, достар да осында, туыстар да осында. Кіммен әңгімелескің келсе, өзің білесің. Кейде, тіпті, агенттегі таныстық үйленуге де әкеліп жатады. Агент - «жеңгетай».
Алтын уақыт босқа өтіп жатыр...
Ал ұялы байланыс мен интернет желісі жоқ ауылдар сол бұрыңғы «дәстүрмен» әлі де жүр. Сондай ауылдардың бірінде жалындаған жастар бір-бірін ұялы телефонсыз-ақ оңай тауып алады екен. Ымырт жабыла кешке қарай әдетінше далаға шыққандардың бірі өзіндік әуенмен ысқырады екен. Қалғандары сол дауысқа қарай бет алып, жинала бастайды. Ешқандай телефонның да, агенттің де керегі жоқ. Іштері пысқанда жастардың ойлап таппайтыны жоқ. Амал қанша? Осындай амал-әдістерге жүгінуге тура келеді.
Қарап отырып, жастардың алтын уақыты босқа осылай біркелкі, бір-бірінен айнымайтын күндермен өтіп жатқаны күйдіреді. Жастық шақ өмір бойы есте қаларлық уақыт. Ал олар кейін нені естеріне алмақ?! Ауылдың шаң көшелерін күнде кешке кезгендерін бе?!
Жастарға жағдай жасала ма?
Жастардың зая кетіп жатқан уақыттарының бірден бір себебі ауылдарда арнайы бос уақытты өткізу үшін жасалмаған жағдай. Жастарға арналған орталықтар мен мәдениет үйлері жұмыстарын тиісті деңгейде атқармайтын көрінеді. Жылдық есеп үшін олар, әйтеуір, қажеті болсын-болмасын мәдени шараларын өткізіп, бір тиынға пайдасы жоқ құжаттарды үйіп-төгіп жинап қояды. Солардың ішінде жастар үшін ұйымдастырлып жатқан шара деп айына бір рет өткізілетін би кештері шығар. Оның өзі көп жағдайда дұрыс ұйымдастырыла қоймайды. Сонда жастардың жастық шақтағы уақытын бағаламағаны ма, әлде маңызды деп санамағаны ма? Осыдан келіп, жастарымыз уақытын босқа өткізулері басталады. Егер жастарға арналған орталықтар мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері оларға арнап қызықты кештерді жиі ұйымдастырып жүрсе, мүмкін олар уақытын басқаша өткізер ме еді? Мұндай шаралар жастардың рухани жағынан дамуына да жақсы әсерін тигізер еді. Ойлаңыздаршы, кешке қарай, аулада қолдарына сыра мен шылым ұстап жүргенін көргенше, көңілденіп отырған жастарды мәдени шараның ортасында көрген дұрыс болады емес пе?! Алыс ауылдарға спорт секцияларының жұмыс істемеуі тағы бар. Мұндайды естіген мәдени қызметкерлер «Жастар мәдени шараларға келмейді, ондайға қызықпайды» деп ақталары анық. Бірақ, өзіміз көріп жүргендей, ауылдық жерлерде концерт немесе бір жақсы кеш ұйымдастырса, бәрі сол жерге лезде жинала қалатыны шындық ғой. Қалалықтарға қарағанда ауылдарда концертпен келген әртістерді өте жақсы қабылдайды. Келгенше асық болып, тағатсыздана күтеді. Бәрі бір адамдай барып, жақсы көңіл-күймен қайтады. Ал әртістердің ауылдарға концертпен бара қоймайтынын ойласаң, тағы да ішің күйеді. Нағыз көрермендер ауылда ғой...
Оқу мен жұмыстың бейнеті
Бұл айтып отырғандардың бәрі жастардың уақыттарын қалай өткізетініне қатысты мәселелер ғана. Ал, ауыл жастарының оқуға түсуі мен жұмысқа тұруы - өз алдына бөлек мәселе. Қалаға барып, оқимыз деген жастар талай әуре-сарсаңға түседі. Мұндайлардың талайын көрдік. Оған қоса, олар қала өміріне бірден дағдыланып та кете алмайды. Оқуға ақысыз түсу үшін де қалалықтармен салыстырғанда ауыл жастарына маңдай терін төгуге тура келеді. Сол себепті болар, ауылдың біраз жастары оқусыз, жоғары білімсіз ауылда қалып қояды. Өкінішті, әрине...
Қалада білім алғандардың ішінде "ауыл" десе алдындағы астарын ысырып қойып, ауылға тартып тұратын жастарды бұл күндері кездестіру қиын. Соңғы жылдары жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандарды ауылды дамытуға шақырған «Дипломмен - ауылға!», «Ауылға кел, жас маман!» деген үндеу жастар арасында қолдау табуда. Сол патриоттық көтеріңкі сезіммен ауылға қанаттанып барған жастарға жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп, материалдық және тұрғын үй мәселесін дер кезінде шешіп бермесе олар ауылға сіңбейді, ертең-ақ басқа жақтан жылы орын іздеп кетеді. Егер солай болса ауылды қалай түлетіп, гүлдендіреміз?!
Жұмыс мәселесі көп жылдар бойы ауыл жастарының алдында тұрған қиыншылықтардың бірі еді. Бірақ, соңғы кездері оның шешімі табылғандай болды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы білім беріп, жұмысқа да орналастыруды қамтамасыз етеді. Алайда, бұл мүмкіндіктерді жастарымыздың бәрі бірдей пайдасына жаратапай отырғанын жасырудың қажеті жоқ. Оның себебі түсінікті де. Өзі қаламаған мамандықпен ешкімнің де жұмыс істегісі келмейді. Бұл адамның өмірге деген құлшынысын біршама бәсеңдетіп жіберетіндей. Ал, қалаған оқу орындарына бәрінің қолы жетімді бола бермейді ғой. Шығыста оқу арзан екен деп шулап еді, оның қуанышын ұзаққа жеткізбеді. Әп-сәтте-ақ оқудың бағасы асқақтап шыға келді.
Ақыры амалы қалмаған жастар ауылдан, қаладан табылған жұмыстың біріне тұрып, күн көре бастайды. Ал осылардың ішінде ақылды, талантты жастар қаншама десеңізші.
Ауылдан неге қашады?
Онсыз да еңселері түсіп жүрген жастарға ауылда қызық та қалмаған ғой. Театрға, концертке, киноға бара алмайды. Қалада болса, мерекелік шаралар жиі өтеді, жастардың көңілді ортасы қала болғандықтан бәрінің осында қалғылары келетін көрінеді. Жоғары білімің болса да, болмаса да, қаладан жалақысы мардымды жұмыс та табуға болады. Сондықтан да, жастардың көбісі қазір қаланы жағалауда. Ал, ауыл сол бұрынғысынша жастардың қуатынан айырылып, қала беруде.
Ауылды көркейту үшін талай игі істер атқарылып-ақ жатыр. Бірақ оның жастарға көмегі кем де кем. Ал жастар ұйымдары сан жағынан артқанымен, сапа жағынан әлі де көңіл көншітерлік емес. Сол себепті жастардың бос уақытын дұрыс пайдалануын ұйымдастыру - бұл жастар саясатының өзекті мәселелерінің біріне айналу керек. "Үйрек -қазсыз көл жетім» демекші, сол секілді көшесінде күліп-ойнап жастары жүрмесе, ауылдың ажары тайғандай болады.
Елдің болашағы кімдердің қолында?
«Біз өз болашағымыздың құрылысын жасаймыз - Біз жаңа Қазақстан тұрғызамыз!» деп, жастар түрлі акцияларын көз қылып өткізіп жатады. Осыларды естіп, «Ескі Қазақстанда өз орнын таба алмай жүріп, Жаңа Қазақстанды қалай құрмақшы екен?» деп кейіп кетесің кей кездері.
«Жастық шақ өзінің болашағымен бақытты!Біз үшін алынбайтын биіктер жоқ!» деп жастар ұйымдары ұрандатып жатады. Жалынды сөздердің шын мәнісінде жалыны жоқтығын амалсыз мойындауымыз керек.
Жастар - еліміздің болашағы болса, онда елдің болашағы үшін жағдай жасалып, ауылымыз да, қаламыз да сол жастардың күшімен көркейе берсін.

Мадина ҚАЙНАРОВА
Өскемен қаласы

Abai.kz

0 пікір