Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 3395 8 пікір 11 Қазан, 2022 сағат 11:48

Путиннің мұрагері кім?

Қырым көпірінің өртенуі Ресей үшін басқа оқиғалардан ерек болды. Бұл Украина жеріндегі Ресей әскерінің жағдайы мүшкіл екенін көрсетті. Ресей билігінің символына айналған бұл көпір Ресей президенті үшін қасиетті саналатын.

Ресейдің Украина жерінде абыройынан айырылу тізбегі жалғасса түсті. Әуелі Харьков облысындағы Украина Қарулы Күштерінің бұрын-соңды болмаған шабуылына дейін «Москва» флагмандық крейсерінің опаты, содан кейін украин әскері оңтүстік пен шығыстағы екі сәтті шабуыл жасады, ақырында көпірдің жануына жетті.

Украинадағы соғыста әлсіреген орыстар өздеріне қауіпті сұрақтар қоя бастады: Путин құлауы мүмкін бе? Осы тақырыпта  «Вашингтон пост» соңғы нөмірлерінің бірінде ауқымды аналитикалық мақала жариялады. Мақала Қырым көпірі құлағанға дейін жарияланған болатын.

Лондон университеті Славян және Шығыс Еуропалық зерттеулер мектебінің профессоры Марк Галлеотти: «Ресейде қазір жағдайдың қиын екенін түсінетін адамдар көп. Олар Путиннің ендігі жарамсыз екенін біледі. Бірақ прагматикалық, клептократиялық ресейлік элита үшін Путинге қарсы шығу қауіпті»,-дейді.

Белгілі ресейлік сарапшы, Agentura.ru сайтының негізін қалаушы Андрей Солдатов та:  «Адамдар өте ашулы, бірақ бұл олардың әрекет етуге дайын екенін білдірмейді», - дейді.

«Путин өзінің айналасына тек «иә» дейтін адамдарды ғана жинады», - деді Карнеги қорының өкілі Эндрю Вайс.

Путин бір-бірін жек көретін бірақ бір-біріне тәуелді, өзіне ғана адал адамдармен айналасын мұқият қоршады. Адамдар оған қаншалықты тәуелді болса, ол өзін соғұрлым күшті деп санайды, бірақ ақыр соңында бұл бүкіл жүйенің толықтай күйреуіне әкеледі.

Украинадағы «арнайы әскери операцияның» барлық жеті айы – 24 ақпандағы басқыншылықтан бастап «жартылай» мобилизацияға дейінгі кезең дәл осылай екенін көрсетеді. Оқиғалардың жылдам жүріп жатқаны сонша, «басыңды ию мен үніңді шығармау» сценарийі ең қауіпті болуы мүмкін. Оның үстіне, қазір Путиннің Украинаға өте жақсы көретін көпірінің жарылғаны үшін қандай «жауап» беретінін ешкім білмейді.

Ресей Конституцияға сәйкес, президент отставкаға кеткен жағдайда оның орнын премьер-министр Мишустин басады. Ол Батыс үшін жаман емес басшы болар еді. Бірақ соңғы айларда Путин оны жасырып ұстағаны сонша, оның жоспарлары мен амбициялары туралы ештеңе белгісіз.

Оның қасында белгілі саясаттанушы Соловей мен ашық лобби жасайтын Мәскеу мэрі Собянин бар. Ол Ресей астанасы көптеген еуропалық мегаполистердің стандарттарынан асып түскенде, Мәскеуді өмір сүруге лайықты орынға айналдырған прагматик, технократ.

Сонымен қатар, Собяниннің Медведевтен айырмашылығы, ешқашан «әскери операция» деп жұлқына сөйлеген емес, Батысты атом бомбасымен қорқытқан жоқ. Мүмкін мұрагерлер қатарына Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев те кірер.

Ол Батыстың көңілінен шығуы екіталай, дегенмен кейбір құпия дереккөздердің айтуынша, Патрушев мырза Батыс саясаткерлерімен сенімді адамдары арқылы келіссөздер жүргізуге тырысады екен.

Мұрагерлер тізіміне енуі мүмкін адамдар ішінде Ресей ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушев те бар. Америкалық Politico басылымы оны Путиннің 12 мұрагерінің қатарына қосып қойыпты.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3567