Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
886 3 пікір 6 Қазан, 2022 сағат 15:49

“Аманат” партиясының съезі және әлемдік ахуал

Әлемде ахуал күрделі кезеңде ішкі бірлікті арттырып, елдік мүддені жоғары қойып, мемлекеттілікті күшейту қажеттігі анық.

Бүгін «Аманат» партиясының съезді өтті. Партия кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Одан бөлек «Ақ жол» партиясы мен «Қазақстан халық партиясы», әртүрлі қоғамдық ұйымдар да коалициялық түрде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.

Жалпы Қазақстан қоғамында президент саясатының төңірегіне топтасу, әлемдік ахуал ушыққан кезде мемлекет мүддесі үшін бірлікті аттыру процесі байқалады. Коалиция құру да әлемдік тәжірибеде бар әрі бір мүдде мен ортақ мақсатқа жұмылдыратын қадам. Осы арқылы азаматтық қоғам белсенділігі мен саяси институттардың бірігуі, президент бағытын қолдауы көрінуде.

Елімізде күрделі реформалар іске асуда. Жаңа облыстардың құрылуы, президентті бір мерзімге 7 жылға сайлау, Конституциялық реформа, саяси партиялардың құрылуын жеңілдететін заң нормалары, можаритарлық сайлау жүйесінің келуі сынды өзгерістер жүруде.

Әлеуметтік әділеттілік, 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу, жергілікті жолдардың 95% жөндеуден өткізу, ғылым мен білімге салынған қаражатты арттыру, осы мақсатта жыл сайын ғалымдардың шетелде тәжірибеден өтуі үшін бөлінетін грант санын арттыру, заманауи ауруханалар салу қолға алынуда.

Осы процестердің барлығы мемлекеттігімізді күшейтіп, ең бастысы халқымыздың әлеуметтік жағдайын арттыруға өз септігін тигізеді деп сенеміз. Геосаяси күрделі кезеңде еліміздің тыныштығы мен бірлігі, ынтымағы керек. Осы мақсатта алдағы сайлау халқымызды ортақ мүдде жолында біріктіретін процесс болуы қажет.

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1538
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1634
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1808