Сенбі, 20 Сәуір 2024
1613 11 пікір 6 Қазан, 2022 сағат 14:50

"Ақ жол" партиясы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

"Ақ жол" демократиялық партиясы Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Партия төрт кандидатты қарастырды. Олардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев, журналист Сандуғаш Дүйсенова, мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және "Ақ жол" партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов бар.

Жасырын дауыс беру арқылы "Ақ жол" демократиялық партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.

Abai.kz

11 пікір