Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
Әне, көрдің бе? 2603 10 пікір 6 Қазан, 2022 сағат 12:30

Қазақ дейсіңдер, әлем жұрты да сөз бағып отыр...

Кейбір білермендер хакім Абай өлеңінің "Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын" деген бір тармағын алға тартып, шүбәсіз ақиқат санап, ұлтымызды сөз сапырудан басқа тірлігі жоқ, қауқарсыз халықтардың санатына қосады. Қазіргі қоғамдық пікір алауыздығының, оппозицияның саяси берекесіздігінің түпкі себебі соның кесірінен деп тон пішеді.

Қазіргі интернет дамыған сандық технология дәуірінде қазақ қана емес, күллі әлем жұрты сөз бағып отыр. Оған дәлел жаһанның маңдай алды қалталы адамы саналатын Илон Масктың твиттерде жариялаған жазбасына деген жұрттың реаксиясы. Қазанның 3-күні Маск Ресей мен Украина соғысына байланысты өзінің "бейбітшілік жобасын" көп талқысына ұсынды. Оның жобасы 4 түрлі мазмұннан тұрады: Біріншісі - аталмыш Ресейге қосылды делінген 4 облыста Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауында қайтадан халықтық референдум өткізу. Екіншісі - Украинаның Кырымның Ресейге тиесілі екенін мойындауы. Үшінші - Қырымды сумен қамдау. Төртінші - Украина бейтарап майданда қалу.

Масктың жобасына онлайн дауыс берген 2 миллион 74 мың адамның тең жартысынан астамы, атап айтқанда 60 пайызы оны қолдамаған. Біріншісінен басқасы Кремльге, әрине, майдай жақты. Қазақстанның солтүстігі орыс жері деп жазба салған Медведьев те, Дума серкелері де, Масктың саяси көрегендігіне ризашылықтарын білдірді. Ержүрек Зеленский қарап қалсын ба, "Сіздерге Украинаны қолдайтын Маск ұнай ма, жоқ, Ресейді қолдайтын Маск ұнай ма?" деп петиция жариялады. Оған қатысқан 2 миллион адамның 80 пайызға жуығы Украинаны қолдайтын Маскты таңдаған. Пікірталас салдарынан Тесланың жарнасы 9 пайызға құлдырап, Маск демде 10 миллион долларын жоғалтқан.

Өз елінде өгейдің күйін кешіп отырған қазақтың қолында Назарбаев дәуірінде ел байлығының майлы жілігіне ие болған олигархтардың қымбат акцияларының бірде-бір үлесі жоқ екені шындық. Экономикалық дәрменсіздік саяси дәрменсіздікке әкеліп соғып отыр. Сол үшінде аузы қисық болса да сөзі өтімді бай балаларының саяси ұстанымына байланысты қолдан келер қайран жоқ. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", дейтін қазақты Тәңір бөзінен айырса да, сөзінен айырмасын.

Жүз томдық бабалар сөзінің жарық көргені белгілі. Оған нотаға түскен 10 мың ән мен 7 мың күйді қосыңыз. Әлемде ешбір ұлтта жоқ бұл байлықты қазақ "өнер алды - қызыл тіл" деген сөзуарлығы, құйма құлақтығы арқасында, интернет жоқ замандардан бізге жеткізіп отыр.

Қазақтың сөзінің саясилануы, таптық күрестің құралына айналуы қызыл идеологияның кесірінен екені мәлім. Соның кесірінен арамызда жүректің сөзін емес, түлкі заманның сөзін сөйлейтіндердің көбейгені жасырын емес. Жаңа Қазақстан құрамыз десек, бабалар серті мен Батыстың сөз бостандығын тоғыстырып, ұлттық болмысымызға қайту басты тұғырымыз болу керек.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1538
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1634
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1808