Сейсенбі, 19 Қазан 2021
Жаңалықтар 2342 0 пікір 22 Қаңтар, 2013 сағат 09:53

ӨЗГЕ МҰРАТ

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.Әуезоватындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры, филол.ғ.д.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жетпіске келер алдында өзі сүйген, өзін сүйген халықтың жүрегі ауырды. Халық жүрегі Мұрат Әуезов жүрегімен бірге ауырды. «Алтынның сынығы, атақты Мұхтар Әуезовтің асыл перзенті, ірі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүрегіне операция жасату үшін шет елге кетіпті». Мың сан сауал, мың сан күдік, мың сан үміт. «Ойпырмай, пышақтан жанын қалдыра гөр, Ұлы Мұхтар сияқты ұлтжанды жүрек соғуын тоқтатпаса екен» деген тілек әр қазақтың жүрегінде тұрды. Халық Мұраттың тілеуін тіледі. Әуелі Алла, содан соң көп тілегі көл болды. Бүгін Мұрат Әуезов жүрегі соғып тұр, соға берсін, ұлтжанды азамат.
Ол топтың тобырында емес, ұлттың тұғырында жүрді!
Мұрат Әуезов күрделі жан, тосын тұлға. Терең  интеллект пен ұлттық намыс оның өмірінің алтын желісі іспетті. Содан болар «Жастұлпар» дың жалына қол салды. Қып-қызыл коммунистік, тоталитарлық жүйенің жүрегі -Мәскеуде тілі орысша болғанымен, жаны қазақша жігіт ұлттың намысына айналды.
Көзі қарақты жігіттің Алаш идеяларымен ерте сусындағанын қалың қазақ қайдан білсін?! Сондықтан да Мұрат Әуезов жан-жақты білім иесі болды және оны қазақ мүддесі үшін жұмсай алды.

Елдестірмек елшіден деген. Мұрат Әуезов Қытайда Қазақстан Республикасының тұрақты және өкілетті елшісі болып жүргенде тарыдай шашырап кеткен қазақтардың тарихи Отанына қайтуына көп күш салды, Қытай жылнамаларындағы, тарихи кітаптарындағы қазақ еліне, ежелгі қазақ тарихына, Абылай ханға қатысты деректердің жариялануына күш салды. Мәселен, мен «Лениншіл жаста» бас редактор ретінде Бан Гудың Ханнамасын қазақша толық жариялап едім.
Мұрат Әуезов адамзат өркениеті қалдырған асыл мұраларды зерттеді, ұлт кәдесіне жаратты. Өзінің ана тілі - қазақ тілімен сағына қауышты. Бұл күнде Мәкең мен-мен деген талай қазақты қазақшасынан жаңылдырып жүр.
Әрине Мұрат Әуезов еркін ойдың адамы. Бұл азат ойды құйған Мұхтар Әуезовтің жан шуағы болар. Бұл Мұратты биіктетті, бұл Мұратты ойлантты.
«Уйти, чтобы вернуться» атты күнделік кітаптан мынандай ойлар таптым.

***
«Мен қалай қабылдасам әлем сондай, мен қабылдаған әлем соған айналуға тиіс».

***
«Жазушылық - бұқаралық, көпшілік, ол - аламан. Сөреден бірдей шабуға ұмтылу керек. Ақын, жазушы - бәйгеге қатысқан ат (сәйгүлік - У.Қ.) емес пе?».

***
«Жапандағы жалғыз үй. Аспан айналып соған құлап тұр. Мұнда кемпір мен шал және мен тұрамын. Маған ғаламның нәзік нұры себелеп құйылып жатыр. Кейуаналар - адамзат нұры (мужчина и женщина). Адам ата Хауана».
***
«Ажыратпа! Жақсылық пен жамандық егіз».
***
«Ерік бостандықтан да жоғары. Бостандық түйсінген қажеттілік».

***
«Қасыңда қаптаған кедей жүргенде, бай болудың өзі ұят».

***
«Мен - өзге Мұратпын!».
***
Мұрат Әуезов өзге ой-толғамымен қазақтың ойлы тобының әлі де көшбасында тұр. Ол қазақ өркениетінің, көшпенді мәдениеттің кәусар бұлағын әлемдік өркениет арнасына бұрып жүр.
***
Ол кезінде Қазақстан Жазушылар одағындағы қызметінен шығып кетті. Одақтағы тақ таласы жанын күйзелтті. Оралу үшін кетуге тура келді.

***
Мұрат Әуезов талғап жазады, ойлап жазады, ойлантып жазады.

***
Жетпіс деген желме жасқа эстет жазушы, интеллектуал жазушы деген шабыт тұлпарына мініп келді.
***
Енді төрт кітап екшеліп, сарапталып соңғы түзетулері қайта қарастырылып жатыр.
Оқушы оны асыға күтеді. Ол да өзге Мұраттың өзін танытқан өркениет кілті.

"Халық сөзі" газеті

0 пікір