Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5461 0 пікір 8 Тамыз, 2009 сағат 14:31

Дүкенбай Досжан. «АБАЙДЫҢ РУХЫ»

Бұл «ақын өлеңін әр қырынан қарастырдық» деген желеумен Абай атына мадақ айту да, я болмаса текстологиялық түсініктеме зерттеу де емес.

«Абайдың рухы» - жаңа заман биігінен ақын өміріндегі кезеңді оқиғаларға, бәзбір жауһар өлеңдерге табан тірей отырып ұстаздың рухани жан әлеміне барлау жасаған пәлсапалық, ғұмырнамалық ойтолғаныс десеңіз болады. «Абай мен Байрон» тарауы әл-Фараби университетіндегі диплом жұмысым еді. 1933 жылы Қызылордадан латын қарпімен басылып шыққан Абай өлеңдерінің «толық жинағын» өткен ғасырдың 70-ші жылдары сол кездегі Қазақстанның Қаржы министрі болған Байсейітов Рымбек Смақұлы: «Мені Ұлы Отан соғысының қырғынынан аман сақтап алып шыққан осынау көнетоз, қан тиген кітап еді», - деп қолыма әптектей ғып ұстатқан болатын. Сол кітапты нешеме түндер қадалып оқып отырып, осы жинақтың негізгі тараулары жазылды. Араб тілінің маманы, «Құран Кәрімнің» қазақша тәпсіршісі Нұрәлі Өсерұлымен ойласу, сырласу үстінде кейінше кітаптың «Абай діні» тарауы дүниеге келді. «Ақынның тұқым-тұяғының» жазылуына көзі тірісінде, жаны жәннатта болғыр, Тұрағұлқызы Мәкен апа себепкер болған еді.

Қысқасы, Абай әлемі: жанның тамағы, жанның жарығы, жүрек сауыты, ақыл қыры, жүрек айнасы, адам саумақ, жан қуаты секілді танымын ашу үшін - ақынның арқасы ұстаған шабытты шағына дендей еніп, жан-рухымен шүйіркелесер ғұмырнамалық баян осы!

Осы кітапты жазар алдында, 1993 жылдың наурыз айының басында Жидебайға, Абай бейітіне барып, шығыс жақ жаңа ғана сөгіліп, таң шапағы біліне бастаған мезет қос тізерлеп отырып, құран оқып, қол жайып бет сипағаным сол еді. Қабірдің зіл қара тасы жаймен қозғалғандай болып, сытыр еткен дыбыс естіліп, айнаға түскендей елес боп, бу боп ақын сұлбасы көз алдыма келе қалғаны, Құданың құдіреті. Кәдімгі тірі адам сипатына еніп Абай тіл қатқаны.

- Бұл не шу?

Қапелімде сасып қалдым. Абайдың қабағы салыңқы, түйіліп тұр.

- Бұл неғылған шу? Неге аруағымды атап маза бермейсіңдер?!

- Егеменді ел боп,  жұрт қатарлы мерейтойыңызды өткізіп, аруағыңызды риза етсек деген ойымыз ғой, зерттеу   жазып,   жер   жүзінің   зиялыларын   шақырып   ала-шапқын болып жүргеніміз рас, ақын ата.

Ақынның түйілген қабағы жазылар емес.

- Мерейтой өткіз деген мен бе екем. Өз бойларыңды, өз шамаларыңды түзеп алмай жатып о дүние төрінде тыныш жатқан менің сай-сүйегімді сырқыратқандағы сылтауларың аруағымды риза ету емес, атақ, даңғазаға құмар кісілердің, өзгенің атымен өзінің көшін түзеп алғысы келіп жүрген игі жақсылардың шуылы ма деп қорқам. Бірлік, шын пейіл таусылмасын, қазақ байғұстың жүрек айнасы таза боп, ақыл қыры әр алуан елдің жақсыларымен салыса білсін деп батамды беремін ендеше!

КІТАПТЫ ӨЗІҢЕ ЖҮКТЕҢІЗ....

0 пікір