Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
1882 7 пікір 5 Қазан, 2022 сағат 13:23

Иран: наразылықтың артында АҚШ пен сионистер тұр

Иранның жоғарғы лидері Аятолла Әли Хаменеи еліндегі наразылықтың артында АҚШ пен сионистер тұр деп мәлімдеді. 

Ол Тегерандағы болашақ полиция қызметкерлерін әзірлейтін оқу орнында "Бұл тәртіпсіздіктің артында Америка мен сионистер режимі тұр" деп мәлімдеді.

Қыркүйек айының ортасында әйелдер құқығын қорғап жүрген 22 жастағы Махсу Амини хиджапты дұрыс кимеді деген айыппен полиция тарапынан ұсталып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол комаға түсіп, ауруханада қайтыс болды.

Осыдан кейін Иран халқы полицияға қарсы жаппай наразылыққа шықты. Бастапқыда әйелдер бас көтеріп, наразылық ретінде басындағы хиджапты шешіп, отқа жаққан. Бірнеше күннен кейін наразылық білдірушілер "Диктаторға өлім!", "Хаменеи кетсін!" деген ұрандар айта бастады. Студенттер елде бостандық болуын талап етті.

Наразылық акциялары Иранның астанасымен қоса сексенге жуық қаласында жалғасып жатыр. Құқық қорғаушылар қақтығыс кезінде кемінде 133 адамның қайтыс болғанын айтады.

Abai.kz

7 пікір