Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3265 0 пікір 22 Қаңтар, 2013 сағат 07:38

Қазақ сайттары - мемлекет құрушы қазақ ұлтының басын біріктірудегі басты қозғаушы күш

Суреттер Фейсбук әлеуметтік желісіндегі "Қазақ сайттары редакторларының конференция" арнайы парақшасынан алынды

Жұрт күткен «Қазақ сайттары редакторларының» конференциясы басталды. «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының ұсынысы бойынша қолға алынған бұл жобаны «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қуана құптады. Соның арқасында  Астанада қазақ ғаламторшыларының тізгін ұстарлары бас қосып, қазақ сайттарының алдағы бағыт-бағдары жөнінде ой бөлісіп отыр.

«Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы Ерлан Қаринның, идея авторы «Абай-Ақпарат» қоғамдық қорының үйлестірушісі Айдос Сарымның алғы сөздері «Қазақ сайттарының» өз еліміздегі көшбасшы ақпарат көздері екендігі және алдағы болашақта бұл қызметін тіпті де жандандыра түсетіндігіне арналды.

«abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәруен Қуат тізгін ұстаған конференцияның бірінші бөлімі «Қазақ интернетінің дамуы: ерекшеліктері, өзекті мәселелеріне» арналды.

Қуат

Дәурен

модератор

«Абай.кз» ақпараттық порталының бас редакторы (www.abai.kz)

Ахметов

Қамбар

Жұмағалиұлы

«BAQ.KZ» ақпараттық порталының редакторы (www.baq.kz)

Жанарбек

Матай

АҚШ-ғы қазағымыз. ФБ аккаунт арқылы байланыс немесе эл. пошта

Кенжеханұлы

Рауан

«WikiBilim» қоғамдық қоры (www.wikibilim.kz)

Байбосынов Жанболат Өстемірұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және  мұрағат комитеті басқармасының бастығы

Қыдырма

Айдос

«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы

Сарым

Айдос

«Абай.кз» ақпараттық порталының үйлестірушісі

Қазақ сайтарының алдағы болашақтағы бағыт-бағдары жөнінде ой бөліскен мырзалар мынада      й түйіндерге тоқталды: «Қазақ сайттары» мемлекетқұрушы қазақ ұлтының басын біріктірудегі басты қозғаушы күш яғни, Қазақстандағы ақпараттың ең бірінші иесі.  Сондықтан олар өздерінің осы жауапшкершілігін сезіне білуі, соның арқасында салиқалы түрде кәсіби бәсекелестікті дамытуға атсалысуы керек. Сонда ғана болашақта әлемдік бәсекеге қабілетті қазақ сайттарының көш керуенін түзуге болады. Сондықтан конференция соңында арнайы қарар жобасын қабылдап, оны ғаламтор беттерінде талқылау арқылы ортақ пікірге келуге тиіспіз», деді Айдос мырза.

«Қазконтент» АҚ-ның басқарма төрағасы Айдос Қыдырманың, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Жанболат Өстемірұлының, baq.kz ақпарат порталының бас редакторы Қамбар Ахметовтың сөздері қазақ сайттарына мемлекеттік қолдаудың көрсетіліп жатқанын, соның арқасында күнделікті ақпараттық порталдардың Қазақстандағы көшбасшы сайттардың қатарына қосылғандығына арналды. Қамбар Ахметов алдағы күнде «baq.kz» ақпараттық порталына төте жазу беті қосылатындығын хабарлады.

«WikiBilim» қоғамдық қорының өкілі Рауан Кенжеханұлы ғаламторда қазақтілді ақпараттың күн санап көбейіп келе жатқанын тілге тиек етті. Мұхиттың ар жағынан тіл қатқан Жанарбек Матай қазақ сайттары болашақта күнделікті қажеттілікті қанағаттандыра алатын, салалық бағыттарға ыңғайласақ, нұр үстіне нұр болар еді деген ұсыныстарын айтты.

Жиын барысында көтерілетін, талқыға түсетін өзгеде мәселелерді мейілінше жедел түрде жариялап отыратын боламыз.

Abai.kz

0 пікір