Жұма, 26 Сәуір 2024
1733 5 пікір 4 Қазан, 2022 сағат 12:46

Жигули Дайрабаевтың балалары істі болды

«Ауыл» партиясы атынан Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жемқорлық бойынша іс қозғалған. Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық ақша жымқырды деп күдікке ілінген. Іс материалдарының сотқа жолданғанын Жамбыл облыстық соты растаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

Бұл туралы «М.Дайрабаев, Е.Кулкеев, Е.Елибай және Д.Молдақалыққа қатысты ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс Тараз қаласының №2 сотына 19 қыркүйекте келіп түскен», – деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ашық дереккөздерден Жигули Дайрабаевтың үш баласы бар екені белгілі. Олардың бірі Марат Дайрабаев Жамбыл облысында тіркелген «MOLBAL» ЖШС басқарған. Тағы бір ұлы Дәурен Дайрабаев Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Abai.kz

5 пікір