Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2065 3 пікір 4 Қазан, 2022 сағат 12:42

Болат Назарбаевтың тағы бір базары қайтарылды

Алматы қалалық соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев иелік етеді дейтін ЖШС жекешелендіріп алған базардың алып-сату құжаттарын жарамсыз деп таныды. Әңгіме «Барыс-4» базары туралы болып отыр, - деп жазады Abai.kz порталы malim.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сот «Найза-БН» ЖШС-ның жарғы капиталындағы мемлекеттік үлесті алып-сату келісімін жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім  қабылдады.

Прокурор жолдаған талапқа мемлекеттік үлесті заңды тұлғаның жарғы капиталына жекешелендіру кезінде өкілетті мемлекеттік органның заңсыз жеңілдігі себеп болған»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.

Сот анықтамасы кезінде искте келтірілген дәлелдер расталған. Өкілетті органның өкілі жекешелендіруді төмендетілген бағамен жүргізілгенін, мойындаған. «Барыс-4» көтерме базарын Назарбаевқа қатысы бар ЖШС өте төмен бағада сатып алғандықтан, енді ол мемлекет меншігіне қайтарылып, көп ұзамай акционға шығу керек.

Талапты Алматы қалалық прокуратурасы жолдаған, сот шешімі кеше шыққан, әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жалпы, «БН» деген анықтамасы бар компаниялардың негізгі үлескері Болат Назарбаев екенін Қаржы министрлігі бұған дейін де хабарлаған.

Abai.kz

3 пікір