Жұма, 19 Сәуір 2024
Анық 3126 14 пікір 4 Қазан, 2022 сағат 12:19

Елдегі бірлікті қазақ тілділер сақтап отыр!

Орыс тілділерді қазақ тілі үшін күреске тартуды трендке айналдыру керек

Ел қаққа жарылып отыр. 130 ұлт пен ұлыс деген бос сөз! Тек қазақ және орыс тілді бірі - азшылықтағы, бірі - көпшіліктегі әлеуметтік топ қана бар. Осы көпшіліктің тілі қазақша. Елдегі бірлікті қазақ тілділер сақтап отыр.

Билік байқағысы келмейтін, елдегі тұрақтылықты қазақ тілді бауырларымыздың амалсыз орысша сөйлеуі арқылы сақталып отыруына көз жұма қарауға болмайды. Оған бұрын тек орыс тілін ғана білген бауырларымыз көптеп қосылып жатыр. Себебі РФ азғындығы мен аюандығы. Орыс мәдениеті мен ғылымы әлемдік адамзат дамуына, жаһандық өркениетке ештеңе қосқан жоқ. Гагаринді ғарышқа фашистік Алманиядан ұрланған технология арқылы ұшырды. Атақты Катюшасын АҚШ автомашинасына орнатып, жеңіске жетті т.т.

Орыс әлемінен жер жаһан теріс айналып отырған сәтте, өзге тілде шүлдірлеп жүрген бауырларымызды бауырға тартып, орыс тілінде қазақ мәдениеті мен тілін насихаттауға бағыт-бағдар беруіміз керек.

Олардың қазақша сөйлегеніне күлмей, қайта мақтап, кереметсің деп қолшаптауды әдетке айналдырсақ. Қазақ тілін жаңа үйреніп жүргендерді орыс тілінде «ана тілімізді дамыту күресіне» араластырсақ, көп нәрсе ұғамыз. Әрқайсымыз айына 1 қандасымызға тіл үйретуді дағдыға айналдырсақ, орыс ықпалынан арылуды оң жолға қояр едік.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

14 пікір