Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
Арылу 1305 14 пікір 4 Қазан, 2022 сағат 12:09

Не істеу керек?

Бірінші бөлім: Тарихи шегініс

Екінші бөлім: Тәуелсіздік кезеңі

Бұл бөлімде, қара (айтпақшы қара дегенде халықты бөлу емес, жалпы түркіде қара сөзі бұқара, яғни көпшілік, қарапайым жұрт екенін түсініңіз) халықтың арасында қайнап өскен адам екенімізге сүйене отырып, мәселенің теориялық жағымен қатар практикалық ойларды қатар жетелеуге тырысамыз, мысалдар келтіріп, немесе, алдыңғы жазған мақала-жазбаларымды қолдануым да мүмкін, олай етсем не істеу керек, не істелінуі керектігі туралы пікірлеріміз одан жұтаңданып қалмас деген ойдамыз.

Ең бірінші мәселе саясат алдыға шығуы керек, яғни, әр адамның ойлау қабілеті бар, жеке тұлға екені дәріптелуі тиіс! Саясат дегенде алдыңғы көкелеріміз ойлағандай билікке таласу емес, әр жеке адамның кез-келген дүниеде өзіндік ұстанымы болып, белсенділігін арттыру! Саяси көкірегін ашудан, еш қорықпау, қайта сол жолда тез арада нақты іс-шаралар қабылдау. Ол үшін барлық өзіміздегі қоғам мүшелері, әсіресе, бірінші кезекте, биліктегілер миларына

Декоммунизация

жүргізулері қажет. Сонау аты затымен жоқ болған Кеңес Өкіметінің басқару жүйесі қазіргі күнде «жасампаздықпен» әлі тұғырдан түспей тұр! Жеке бастың авторитаризміне ғана негізделген бұндай жүйе, әр маманның жеке жауаптылығын жойып, бастыққа жалтаңдауға, қағазбастылыққа, бюрократизмге әкелді. Бастықтардың білімсіздігін жасыру үшін түрлі амалдар, заңдар, ережелер ойлап табылды (мысалы, әкімдік ғимараттарына телефонмен кірмеу қағидасы, қайта сұраушы телефон, камерамен кіріп, аналардың өздерін қалай ұстайтынын көрсетіп отырса, бұл да бір кездойсоқ келген адамдардың билігіне тосқауыл болар еді), қаптаған ақылшылар, кеңесшілер, пресс-секретарь, көмекші, жауапты секретарь дейтін түкке керексіз штаттар ашылды. Қарапайым халықты адамға санамаудың шегі жеткені соншалықты, облыс орталығының қала әкіміне жеке қабылдауына жазылғандар кезегі 6-7 айға дейін созылған, міне, Заңнамаларға сәйкес, қабылдау кестесінің жеткізген жемісі!

Жеке тұлға өзінің адам екенін сезінсе ғана, өз құқығын талап ете алады, әр тұлғаның өз құқығын қорғай алуы коррупцияға тосқауыл болып, қоғамның дамуына апарады!

Ал мына жүйеде, ешкім ештемге жауап бермейді, жоғары жаққа деген жалтақтықтың шегіне жеткені соншалықты, мамандар жеке ойлау қабілетінен жоғалды деуге болады және ол жалтақтық бұрынғы метрополияны іш тартатындарға да арналғандай (сонысын білдірмеу үшін, жәй қазаққа әкіреңдеп шыға келетінін қайтерсің). Сол үзілмей келе жатқан дағдының бірі, басшы маңайына топтасу дегенде еріксізден Брежнев-Андропов-Черненколардың өлген күндерін еске алып, еріксізден күлгендейсің. Қарапайым ел (негізі баршамыз да) Американың бір сотының ақшасы жоқтықтан нан ұрлаған адамды тыңдап болып, «...бұған бар қоғам кінәліміз, осында отырғандар 10 доллардан жинап мына кісіге беріңдер, ал өзін қазір босатамыз» деп шешім шығарған оқиғаны таң қалып тұрып тыңдап, көзімізден жас шығып кеткенін де байқамаймыз, өйткені, бар ел әділеттікті аңсайды!..

Адам өзінің адам екенін толыққанды сезінгенде ғана өзіне, отбасына, тұрған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік орнап, патриоттық сезімдерге ие болады. Ұлтқа деген адалдық, мақтаныш пайда болып, пассионарлық күйді басынан кешіреді, қазақ мықты болса, елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерімен тақаспай, таласпай, керісінше оларға қамқор болуға тырысып, олардың да барынша дамуына, қазақтануына үлес қосар еді. Қазіргі өз елінде, өз жерінде жетімнің, өгейдің күйін кешіп, күйбіңмен отырған жұрттан билік қалайша «ұлттар достығын» талап етпек? Өздері бәрін соларға сатып-сатып алып, қазақтың дүнгендерді ұрғанына таң қалатын кейіп танытқаны мүлде аярлық (бұл туралы тоқтала да кетеміз).

Жеке тұлға ретінде барынша дамытқан адамдарымызға өзін-өзі басқару жүйесіне көшу оңай болады, өйткені, ондай түсінік біздің ұлтқа бұрыннан тән, қанында бар, өзін-өзі басқару - қазақтың рушылдығында (қазіргі трайбализммен шатастырмаңыз), ауылдастығында («У ішсең руыңмен», «Алыстағы ағайынның аты озғанша ауылдастың тайы озсын» т.б. түсініктері бекер туындаған жоқ). Біздер шешендердің ұйымшылдығына таң қаламыз, таңырқайтын ештеме де жоқ, ондай қасиет бізде де болған. Ал, өмір бойы соғыстан көз ашпаған Ауған жұртындағы пуштундардың өзіне тән ұлттық кодексі бар екенін білесіз бе? Өкімет, шариғат заңдарынан басқа олар сол кодексті сақтау арқылы жойылмай келеді, қанша соғыс болып жатсын, қырылап жатсын, басқыншылар келіп жатсын... олар өз намысын, жеке бастың намысын ешкімге де таптатқан емес! Ал, күнделікті өмірде сол ұлттық кодекс арқылы өзін-өзі басқарады! Орталық Өкімет ондай қауымдастықтың ісіне араласа да алмайды (жалпы заңды бұзып жатқан жоқ). Бұл жерде мен, кертартпалық жасап, бағзы заманға сүйреп, үгіттеп отырмағаным айтпаса да түсінікті болар (соншама артта қалған елдің өзінде де жеке тұлға өзін адам ретінде сезіне білетіндігін мысал ретінде келтіріп отырмын).

Бұл жерді қорытындылай айтсақ сол коммунизм» идеологиясы бойынша бізді «Басқаша ойлатып, басқаша сөйлетіп, басқаша істетіп қойды... (мінбелерден «жалындаған», шындығында өмірге сәйкес емес ұрандар; Ондайларға іштей күліп қойып, мүлде керісінше ойлау; жеме-жемге келгенде мүлде басқаша істеу...) (Қайта Құру кезеңінде бір анекдот шыққан еді: Қарға бірде жерде жорғалаған тасбақаға қақылдап қоймайды екен, «Қайта құрыл...құрылу қажет» деп, сол кезде, тасбақаны жүгіріп келе жатқан түлкі таптап кетіпті. Бет аузы әбден шаң болып, бекерге таяқ жеген ол қарғаға айтады екен: «Қайта құрылсаңдар да, құрысаңдар да, андағы жоғарыдасыңдар ғой. Ал жердегі бізді қалай таптады, солай таптай бересіңдер ғой» деп)...Өмірдің ащщы мысалы ма?

...Қазір қызметтегілер жай халықты мазақтап, күледі «осы біздің ел іше алмаса да, ты...а алмаса да, әкімдіктерді кіналайды» деп... Сонда қарапайым халық кімнен сұрауы керек? Бар билік, үй-жер телімін бөлу, қызметке алу, ақша, бағдарламалар... бәрі, бәрі бір қолға шоғырландырылса?

Сондықтан өкіметті басқаруда

деакиматизация

жүргізілуі тиіс! Әкімдерден (биліктен) бастайық, адам неге сонша ақшасын пәреге шығарып, әкім болғысы келеді, біріншіден ол ақшасы тез арада қайтып келеді, екіншіден қазақтың бойындағы мақтаншақтық (өзінің басқалардан артық екенін сезіну! Тіпті, сол биліктегілерге қызғана-еліктеп жұққан сезім қарапайым адамдардың да бойында бар: несиеге болсын, жақсы машина міну, ұлан-асыр той жасау, басқаларға өктемдікпен сөйлеу т.б.), яғни, өзін басқалардан артық санау (алдында айтқан ру өкілдері билікке келгелі ресми жиналыстардың өзінде басшыны тұрып қарсы алу, сөз бастағанда алдымен соның есімін атау, бата беру, жата кеп көпе-көрнеу мақтау т.с.с. орын алды) сияқты сұрқиялық, жиіркенішті «саясат» орнады (бұл да халық пен билік арасын алшақтатты). Ал, бастық болу үшін пәреге берген ақшасын олар былай қайтарады: тендерден ұтқандардан өсім алу 30 %-ке дейін; Қызметке тағайындаулардың сатылуы (басқаны айтпағанда мектепте еден жуушыларды басқа ұрып санап, мөлшерлі белгіленген соманы білім бөлімінен алатын әкімді де көрдік); Мемлекеттің жәрдемінің (субсидия) 10 %-ін сыпыру; Шаруаларға арналған жерлерді конкурс бойынша ұтқызып сату; Кәсіпкерлік жер телімдерін сату; Пәтер кезегін сату; Түрлі сыйлықтар алу т.б.

Осыдан кейін қара халықтың билікке қандай сенімі болуы мүмкін деп ойлайсыздар? Қандай биікте билікте тұрмасын, олардың істеген істері түрлі жолдармен қарапайым халықтың да құлағына жетеді (елден ештеме жасыра алмайсың). Авторитаризмге тосқауыл қою үшін, әкімдерден ақшаны алу керек, яғни, ол саяси қызметкер ме, саясатпен (жасы 100-ге келген қарияны құттықтасын; Елмен бірге шығып, жолдың сапасын тексеріп, нашар жасаған компанияны сотқа берсін; Ішкі ахуалға мониторинг жүргізіп, жамандықтың алдын-алу сияқты мәселелерді орындасын т.с.с.) айналыссын. Ал шаруашылық жүргізуді сол саланың майталман (компетенциялы) мамандары жүргізулері керек, олай болмағанда өмірі ондай саланы көрмеген, мысалы, мамандығы теміржолшы аудан әкімінің ел-жұртты ауыл шаруашылығында егінді қалай өсіруді үйреткеніндей күлкіге ұшырайды.

Әкімдер құзіретінен әр саланы бөлектеп алып, олардың рейтингі дейтіндерге ондай көрсеткіштерді жолатпаған жөн. Шаруашылық пен саясат бөлінуі тиіс: мысалы, білім саласымен орталықтандырылған білім бөлімі, ауыл шаруашылығымен тиісті басқармалар, жол салуды Ұлттық компаниялар жүргізгені дұрыс болар! Бұлар туралы экономикалық ұсыныстар бөлімінде төменірек кеңірек тоқталамыз (әзірге саясат).

Ұлттық код мәселесі

Біздің қазақ ерекше халық, кейінгі тарихи кезеңде көрмеген көресісі қалмаған халық, шындығында әлі күнге жойылмай келе жатқанына таң қалатын халық. Соншалықты зұлматтың бәрінен өтіп-өтіп келіп, ендігі жаңаратын, жаңғыратын кезеңде тарих бәсекесінен артта қалып қойғанымыз өте өкінішті. Ол жолда өзіміздің етене билігіміз жаттан қалыспай «еңбек етуде»!

Қазақты қорқақ деген шықты! Иә, біз қан майдандарда жеңілген, езілген, техникалық-прогресте артта қалған, отаршылдықтың қамытын желкені жараға айналдырғанша кигізген, тұмылдырықталған ұлт өкіліміз. Бойымызға өзін қор санайтын, құлдық-бағыныштылық психология орнаған, адуынды мінезден көп жағдайда айрылған халық өкіліміз, оны мойындауымыз керек және мына «тәуелсіздік» алып берген биліктің ұлттық сана-сезімді қайта жаңғыртуға емес, керісінше барынша тұншықтыруға жұмыс істегенінің арқасында, экономикалық ауыртпашылықтың арқасында барынша сол жағдайдан құтылудың орнына тұтына, тұтыла түстік. Алайда, жігерлі жастарымызды, спорттағы т.б. жерлердегі жетістіктерімізді, өмірдің қай саласында болсын жаңалықты игеруге деген құлшынысты т.б. пассионарлық құлықтарымыз әлі де бар екенін біліп, сондықтан бізге жауыққандардың ескеруі, санасуы да тиіс екенін еске саламыз. Қысқасы, көк бөрінің гендік тұрғыда берілген өршілдігі әлі өлген жоқ!

Қазақты жалқау деген шықты! Иә, кейінгі кездегі тұрмыстың ауыртпашылықтарынан көбіміздің бойымызға бойкүйездік, енжарлық, жатып ішерлік, жаңалықтан қашу т.б. сияқты қасиетсіздіктердің орнағаны рас, осыдан келіп, қазақ «мент, таксист, охрандарға» ғана жарайтындай болып қалды! Бірақ, кей сәттердегі бұрқ етер қазақ мінезі баршаға сабақ болуы міндетті. Солай!

Ата-бабасы ақ қар-көк мұзда сақара далада жүріп, өмір сүріп, табиғаттың тылсым дүлейімен алысып-жұлысып ештемеге бой бермеген көшпенді ұрпағы қалайша жалқау болмақшы? Тіпті, өзім көзіммен көрген Совет кезеңіндегі бір оқиғаны мысалға келтіре кетейін: алдында айтқанымыздай таза қазақ ауылдарының (совхоз, колхоз) техникалық жабдықталуы, инфрақұрылымдық жүйелері, аралас, немесе басқа ұлттар тұрған ауылдардан төменірек болғаны ешкімге де құпия емес (оның үстіне таза қазақи ауылдар бұрынғы Патша Өкіметі аталарын қуып жіберген нашар құмдауыт, шөлейт жерлерге  колхоздастыру заманынан орналысып қалған, ал сулы, нулы жерлерге басқа ұлт өкілдері қоныстанған). Сондай қазақи ауылдың (шаруашылық бағыты қой шаруашылығы, егін...) адамдары көбіне ескілеу МТЗ-50 лермен-ақ тырылдатып жүріп, траверсты «е ол ма ол трәтрдің әукесі ғой» деп ат қойып-ақ, жаздай алыстағы өзен жағасынан құрақ шөп шауып, қыс бойы қыстауға құмға кеткен отарларды жем-шөп-тұз т.б. қажетті заттармен 300-350 шақырым жерге дейін аяздарда барып қамтамасыз етіп жүретін. Содан бір неміс-орыс тұратын ауылға қызметпен барғаным бар, бір-екі ай ғана істегеніме қарамай директор орнына мені тастап, өзі демалысқа кетті. Сол екі ортада Жаңа Жыл қарсаңы болғандықтан совхозда бензин болмай қалып, аудан орталығындағы элеваторға тұқым келіп, шұғыл тасу қажет болды, әйтпесе, теміржол айыппұл салады. Ойымда ештеме жоқ екі КамАз-ға қосымша тракторлар шығаруды бас инжеренрге тапсырып, аудандағы жиналысқа кеттім. Түс ауа келсем, бар болғаны 80-90 шақырымдық жерге баратын тракторлар табылмаған. Әбден ұрыстым, себебі ана қазақи ауылға қарағанда тракторлар жаңа (МТЗ-80; Т-150), тек қана тракторшылар ондай жолға шығып көрмеген, немесе, барғылары келмейді. Принципке бара отырып, меңгерушілерді, механиктерді қосып тұрып, сол күні түнге дейін жұмыс істеттім. Осы мысалдан-ақ қазақтың техниканы жақсы меңгеретінін, жалқау еместігін көре беріңіз...

Тіл мәселесі

Ұлттың ең бірінші бейнесі, белгісі мәселесі тілге келсек, біз қазақ, дүниежүзіндегі ең сорлы елдің бірі шығармыз. Бұл туралы аз айтылып жатқан жоқ, айтудай-ақ айтылады, бірақ, сол жабулы қазан жабуымен! Оған, яғни тілдің дамуына бірінші кезекте Кремльге жалтақтаған билік кінәлі болса, екінші жағынан алдында айтқан өзін жеке бас, тұлға ретінде жоғалтқан қазақ кінәлі. Осы орайда, ашыныңқырап жазған мақалам бар екен соны, келтіре отырып, ойларымызды қосымша тоғытайық.

Жалғасы бар...

Азкен Алтай

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1538
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1635
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1812