Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 21 Қаңтар, 2013 сағат 09:48

Президентке хат: Әуе апатында қазаға ұшыраған Шекара әскерлерінің басшыларына арналған мемориал салынса

Қазақстан Республикасының президенті

Н.Ә.Назарбаевқа

Әуе апатында қазаға ұшыраған Шекара әскерлерінің  басшыларына арналған мемориал салу туралы

Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біраз уақыт өтседе Шекара қызметі басшылығының Шымкент маңындағы әуе апатында қайғылы қазаға ұшырауы көңіл-күйімізді тыныштандырар емес. Өйткені мұндай оқиға соғыс кезінде де кездесе бермесе керек. Қаза болғандар толысқан, күш жігері қайнаған, өздерінің туыстары мен достарына ғана емес, шекара жүйесінің барша әскерлеріне әке, аға, жолдас болып кеткен командирлер еді. Олар әрбір сәті қырағылықты талап ететін, қауіп-қатерлі тынымсыз шекара қызметін таңдаған ержүрек жандар болатын. Олардың қызметте өткен өмірі, егеменді еліміздің шекара жүйесін белсене қалыптастыруы, құрметке лайық. Бұл кісілер біздің бейбіт өмірімізді қамтамасыз ету жолында мерт болды.

Олар кешкен қайғылы сәтті опат болған жерде ғана түсіне бастайсыз - мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар ойда жоқта өздерін найзағайдың жалынындай жалмай түскен ажалды анық та байқап үлгермей, құлай бастаған ұшақты қаланың сыртына ойланбай бағыттап, бейбіт елді тозақтан сақтады - бұл олардың болмысы, өмірлік қағидасы, соңғы ерлігі.

Ендігі біздің парызымыз олардың қандары төгіліп, сіңген жерді киелідей сақтап, құрметтеу. Бүгіннен бастап ол жерді аяқасты етпей қоршап, көпке созбай осынау ержүрек отандастарымызға арналған мемориалды кешен ұйымдастырып, әрлендіріп, жол салған жөн. Бұл мемориал көпшіліктің, әскерилердің кез-келген, еске алу, мереке күндері де келіп, бас иіп, тағзым ететін орынына айналсын. Олардың бейнесі өз халқына ақтық демі шыққанша беріле қызмет еткен патриоттар азаматтар ретінде жадымызда қалып, жеткіншектерге, бәрімізге де үлгі болуы тиіс.

Елімізді күңіренткен бұл қайғылы оқиғаның болғанына жақында бір ай толмақ. Егерде сол күні олардың бейнесін осылайша мәңгі есте қалдыру туралы Сіздің шешіміңіз жария етілсе, біздіңше орынды болмақ және де олардың туған-туысқандарының, бәріміздің жанымызға батқан жараны сәлге де болса жеңілдетпек.

академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ, Түрік Халықтарының  Дүниежүзілік Ассамблеясының  президенті

Abai.kz

0 пікір