Сенбі, 20 Сәуір 2024
1264 2 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 11:50

"Қазпоштаның" басшысы ауысты

«Қазпошта» АҚ-ның Басқарма төрағасы ауысты. Басшылыққа бұрынғы сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова тағайындалды.

Жанасова 2020 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін сауда және интеграция вице-министрі болып қызмет етті. Ол бұған дейін "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры, 2017 жылдан бастап АХҚО басқарушысының кеңесшісі болып қызмет атқарған.

 

Abai.kz

2 пікір