Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2005 0 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 17:03

Қазнетке кибер шабуылдар жиіледі

Кешеден бері Қазнетке кибер шабуылдар жасалып жатыр.

"Бүгін таңертең Қазнетке жасалған ауқымды кибер шабуылдар тіркелді.Бұл жағдай еліміздің барлық өңіріндегі интернет байланысының жұмысына әсер етуде. Қазіргі уақытта қатерлерді бейтараптандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері.

Кибер шабуылдардың нақты себебі анықталмады. Ал мамандар мұны елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғалармен байланыстырады.

Abai.kz 

0 пікір