Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1849 3 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 11:57

Президенттікке үміткер қазақ тілінен қандай сынақ тапсырады?

Биыл 20 қарашада президент сайлауына қатысатын үміткерер қазақшаны еркін меңгерген болуы тиіс. Оны анықтау үшін арнайы лингвистикалық комиссия құрылады.

«Қазақстан президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді жетік меңгеруі ҚР Конституциясының 41-бабы бойынша лингвистикалық комиссияның қаулысымен анықталады. ОСК-ның осы мәселе бойынша құзыреті «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабы 2-тармағында көрсетілген. Нақтырақ айтқанда, осы бапқа сәйкес, Конститутцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық кеңестің шешімі бойынша мемлекеттік тілді білудегі кандидаттың біліктілігін анықтау Орталық сайлау комиссиясының шешімімен айқындалады. ҚР Конституциясының 41-бабы 2- тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық кеңестің 1998 жылғы 9 қазандағы №280 қаулысына сәйкес, ҚР Конституциясының 41-бабы 2-тармағы нормасының мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген бөлігінде «қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады» деп айтылған», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Лингвистикалық комиссия құрамында 5 маман болады. Президеттікке үміткер адам 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма орындайды, 3 беттен аспайтын мәтінді оқиды және көпшілік алдында 15 минуттан кем емес уақыт сөз сөйлейді.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515