Жұма, 29 Наурыз 2024
1957 1 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 11:21

Ирандағы наразылық: 60-тан астам адам көз жұмды

Иранда 12 күннен бері наразылық жалғасып жатыр. Оған хиджап кию ережесін бұзғаны үшін ұсталып, түрмеде зорлық-зомбылықтан көз жұмған Махса Амини атты студент қыздың оқиғасы себепші болды. 

БАҚ мәліметінше, 27 қыркүйекте наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, көптеген адам қамауға алынған. Демонстрация Тегеран, Тебриз, Коража, Кум және Йезд қалаларында өтіп жатыр.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 16 қыркүйектен бері полициямен қақтығыста кемінде 60 адам қайтыс болған.

Құқық қорғаушылар бірқатар аудандарда интернет өшірілгеніне байланысты олар оқиға кезінде түсірілген видеолармен бөлісе алмай жатқанын айтады.

Бұл арада Ирандағы Адам құқықтарын қорғау ұйымы кемінде 76 адам өлгенін, 1200 адам ұсталғанын мәлімдеді. Tasnim агенттігі ұсталғандардың арасында Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хошими Рафсанжанидің қызы да бар екенін жазды.

22 жастағы Махса Амини Тегеранда хиджап кию жөніндегі заңды бұзды деген айыппен қамауға алынған. Ол абақтыда комаға түсіп, үш күннен кейін ауруханада қаза болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558