Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3167 12 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 01:17

АҚШ Ресейге: “Артын апат қыламыз”

Путиннің "ядролық қару қолданамын, әне бастым, міне басқалы отырмын" деген қоқан лоққысынан әбден зәрезап болған Вашингтон өткенде Кремлге жауап жазып жіберіпті.
"Сен ядролық қару қолдансаң, біз оған жауап ретінде сендегі ананы жарты сағатта я мынаны бір күнде фышт қыламыз, жақсылықпен қоя қойсайшы көке" депті.

"Артын апат қыламыз" деді кеңесші Дж Салливан, одан соң Блинкен шығып "жо жоқ, супер апат қыламыз" деп нақтылапты.

Қалай десе де Джозеф Байден негізі мықты саясаткер. Оны жалтақ деп айтуға келмес. Оның қолында 300 миллионнан астам халықтың тағдыры тұр, яғни американдықтардың.
Шығыс Еуропадағы бір ел үшін (Украина) ол өз халқының тағдырын таразы басына тең сала ала ма. Әрине жоқ.
Меніңше көпті көрген қарт соны алаң қылады. Бұл жанжалдан шегетін зиянын да біліп отыр.
Бірақ Украинаны да тастамады.
Артына қарайлай қарайлай оның тәуекеліне де бел байлады.
Байденнің сайлаушылары бар. Оның сайлаушылары бұның сырттағы әрекетін түсінбеуі мүмкін.
Неліктен айдаладағы шығыс Еуропадағы (Украина) ел үшін оның халқы ядролық зымырандардың астында қалып опат болуы керек дегендей...

Ол солай енді, іс жүзінде біраз американдықтар үшін Украина — айдаладағы ел. Негізі Америкадағы сайлаушылардың жартысы ғана Байдендікі. Электоратттың жартысы дәстүрлі түрде республикандықтарда болады.
Сайлауға түсетін Байден, репутация соныкі, сосын АҚШ та кез келген саясаткер әр қадамын аңдап басады дегендей... Ал Байден қырық жыл стажы бар сүрленген саясаткер, сүйегі сақ адам.
Содан оны жалтақ деп айтуға келмес..

Бұ жерде АҚШ мемл хатшысы — Энтони Блинкенді қорғаныс министрі Ллойд Остинді ерекше айта кетсе болады. Жалпы екеуіне ырзамын мен.

Бүгінгі күннің екі қырғиы - осы екеуі. Оларды негізі "қырғи" дейді немесе бұл атаудың сәл ауытқыған тәржімесімен ЯСТРЕБ десек болады.
АҚШ та сыртқы саясатта батыл саясат жүргізетін мықтыларды сонау заманнан бері "ястреб" дейді. Шын мәнінде сырттағы Ақ үй дұшпандарына өте қатал, тәуекелшіл безбүйрек адамдар бұлар. Бұлардың бұндай безбүйректігінен американдықтардың өздері де қорқады. Ставканы көтеріп тастап күл болмасаң бүл бол деп отыра береді.
Қазір де путинмен қатты ерегісіп отыр. "Сенде де бар ядро менде де бар" деп оқшантайын сартылдатып отыр.
Бір жағынан оны да түсінуге тырысамын, путинмен басқа әңгіме жүрмейді.

Бұлардың әр мәлімдемелерін қалт жібермей қадағалап отырамын.
Іс жүзінде Украинаны қазір жетектеп сүйреп келе жатқан Вашингтондағы екі басты тұлға — осы екеуі. Байден "ал тартыңдар" деп бұл екеуіне божысын ұстатты.
Одан соң Остин мен Блинкен алғы шепке ойқастап шығып жарқылдауда.
Әуел бастан бұл Ресеймен боп жатқан тайталасқа білегін сыбана кірісті.
АҚШ — супердержава. Байденнің командасы бұл күресте соның барлық тетіктерін іске қосты. Вашингтонның әскери, экономикалық, ғылыми, қаржы, мәдени, саяси машинасы от алды.

Украинаның ауызына бәрін шайнап беріп жантайса демеп отыр. Төбесіндегі спутнигіне қарап құнды мәліметтеріне шейін беріп отыр.
Рамштайн мен Ленд Лиз — Остиннің мойынында.
Қалғаны осы Блинкенде. Екі жарты бір бүтін боп бұлар қазіргі Украинаны — Украина қылып отыр.

Баяғыда АҚШ — Совет қырғиқабақ соғысы тұсында Вашингтондағы басты кейіпкерлердің бірі атақты Збигнев Бзежинский болатын.
Жарықтық Бзежинский АҚШ тағы ястребтердің төресі еді. Өте ақылды, интеллектуал, кемеңгер кісілердің бірі тін. Біраз уақыт АҚШ тың сыртқы саясатын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады бұл поляк.
Шыны керек, Советтің моласын өз қолымен қалап, көрін қазған адамдардың бірі осы Бзежинский еді.
Жатпай тұрмай қай жерден совет өкіметіне соққы жасасам деп оның осал жерлерін іздеу де оның басты қызметі болатын.
Корея, Ауғанстан, шығыс Еуропа, Арап аймағы... Бәрінде Бзежинскийдің қолы көрініп тұратын.
Коммунистер одан әбден зәрезап боп Бзежинскийдің атын естігенде зәрелері зәр түбіне кетуші еді ол кезде.
Қазіргі Блинкеннің кейбір әрекетін көргенде, "Вашингтонда Збигнев Бзежинскийдің лайықты ізбасары қалған екен ау" деп сүйсініп кетемін.

Қысқасы, "ястребтер" өлмепті, бар екен. Тарих сахнасында арпалысып жатыр.

Олжас Әбіл

Abai.kz

12 пікір