Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
Аласапыран 2136 0 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 00:51

HIMARS-тың құдірет күші әлдилеп

Украинаға АҚШ кезекті әскери көмегін жариялады. Бұған дейін Вашингтон 12 млрд доллар көлеміндегі әскери көмек пакетін Киевке беру туралы талқылап, мақұлдаған болатын.

Бүгін Пентагон Украинаға тағы қосымша көмек пакетін жариялады. Оның құны 1.1 млрд доллар. Бұл жолы АҚШ-тан мұхит асып Киевке 18 дана HIMARS зымыран кешені, 150 дана бронды әскери көліктер мен радарлар, барлаушы дрондар жеткізілмек.

Украина әскерінде 16 дана HIMARS бар. Бұл зымыран кешені соғыстың келбетін өзгерткен қару саналады. Осы уақытқа дейін HIMARS-тар 600-ден астам Ресейдің нысанын жоя білген. Оның ішінде әскери қоймалар, штабтар мен көпірлер, өткелдер мен өзге де жау нысандары бар.

HIMARS зымыран кешенінің соққылары арқылы Украина Ресейдің Херсон бағытындағы үш маңызды көпірге үздіксіз соққы жасап, Ресейдің батыс Херсондағы 6 мыңға жуық әскерін қоршауға алды. Қазір батыс Херсонда қалған Ресей әскері қаруын тастап, берілу бойынша келіссөз жүргізуде. Украина олардың шегіну мүмкіндігін жойып, HIMARS-тармен қоймаларды, өткелдерді үздіксіз атқылауда.

Қыркүйектің басында Украина әскері Харьков облысын азат ету операциясын бастап, 300 елді мекенді басқыншы қолынан босатты. Бұл үлкен жетістік еді. Шабуылдың сәтті іске асуы HIMARS-тардың жау қоймаларын жойып, позициясын үнемі соққы астына алудың арқасында болғанын айтуға тиіспіз.

Харьковты азат ету операциясында бронды көліктер өте маңызды рөл ойнады. АҚШ сол жетістікке анализ жасап, осы жолы Украинаға 150 дана бронды көлікті беретінін мәлімдеді. Үлкен калибрлі пулемет орнатылған көліктер жау шебіне жылдам жақындап, артиллерияға соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Дәл осы тактиканы қолдану арқылы тағы бір бағытта қарсы шабуыл дайындалып жатқаны жайлы ақпарат бар.

Украина соғысының басты символі HIMARS зымыран кешені болды. Нысанаға дәл тиетін, оқталуы тез, орын ауыстыру мүмкіндігі жылдам бұл кешендер Ресей әскерінің қорқынышына айналды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1538
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1635
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1812