Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2268 7 пікір 28 Қыркүйек, 2022 сағат 15:47

Ресей басып алған аумақтарда референдум нәтижесі шықты

Украинаның Ресей жаулап алған аумағында ресейшіл сайлау комиссиясы референдум нәтижесін жариялады.

"Орталық сайлау комиссиясының" мәліметінше, Донецк облысында аймақты Ресейге қосуды сайлау учаскесіне келгендердің 99,23 пайызы қолдаған. Луганскіде сайлаушылардың 98,42 пайызы, Запорожьеде – 93,11, Херсонда 87,05 пайызы аталған аймақтарды Ресейге қосуға дауыс берген деп айтылады.

Дауыс беру аяқталғанға дейін бірнеше сағат бұрын Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Телеграм арнасында "Референдум аяқталды. Нәтижесі айқын. Үйге – Ресейге қош келдіңіз" деп жазды.

Украинаның Ресей жаулап алған аумағын Ресейге қосу туралы мәселе 4 қазанға белгіленген федерация кеңесі отырысында қаралады. Луганск облысының басшысы Леонид Пасечник мәлімдеме жариялап, Владимир Путинді Ресей құрамына 28 қыркүйекте қабылдауды сұраған.

 

Abai.kz

7 пікір