Жұма, 26 Сәуір 2024
1678 0 пікір 28 Қыркүйек, 2022 сағат 15:42

Ресейліктер еліне күшпен қайтарылмайды

Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстанның, Грузияның және басқа да елдердің биліктеріне сондағы ресейліктерді күшпен қайтару туралы өтініш жолдамайды.

Бұл туралы "РИА Новости" агенттігі министрліктен алынған ақпаратқа сүйене отырып хабарлады.

Бұның алдында Қазақстан ішкі істер министрлігі мобилизациядан қашып келген ресейліктер халықаралық іздеуге берілгенде ғана еліне қайтарылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Грузиямен шекарада 27 қыркүйектен бастап Ресейдің әскерге қабылдау көшпелі бекеті жұмыс істей бастаған. Мәліметті Солтүстік Осетия үкіметінің баспасөз қызметі растады.

 

Abai.kz

0 пікір