Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
1644 0 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 19:11

ҰҚК қазақ-орыс шекарасының жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Солтүстік Қазақстан облысындағы қазақ-орыс шекарасы жабылды, деген ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоққа шығарды.

«Қазақстанның өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда”,- делінген хабарламада

Комитеттің мәлімдеуінше, Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түспеген.

Бұған дейін, такси жүргізушілері мен ресми емес дереккөздер "Ресей тарапы әскер жасындағы ер адамдарды шекарадан өткізуді тоқтатқанын" айтқан.

 

Abai.kz

0 пікір