Жұма, 19 Сәуір 2024
2272 9 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 15:12

Ресеймен cолтүстіктегі шекара жабылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасы жабылды, деп жазады Orda.kz.

Такси жүргізушілері мен дереккөздердің айтуынша, Ресей тарапы шекарадан әскер жасындағы ер адамдарды өткізуді тоқтатқан.

Расталмаған ақпарат бойынша, шекарада Ресей жағынан өте алмағандардың барлығы дереу автобуспен әскери комиссариаттарға жеткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін ФСБ шекарашылары әскери комиссариаттардың талабы бойынша ресейліктердің елден шығуына тыйым сала бастаған болатын.

 

Abai.kz

9 пікір