Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3578 0 пікір 15 Қаңтар, 2013 сағат 06:43

Жандос Жарқымбеков. Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды!

Бүгінгі Қазақстан - әртүрлі салт жоралғысы мен киім үлгісі бар, өз азаматтарына дінді таңдау мүмкіндігінен бастап, киімдерді киюге дейін еркіндік пен  құқық берген  поликонфессионалды мемлекет.

Қазіргі таңда әсіресе мектеп жасындағы балалардың арасында хиджаб кию мәселесі қоғамда жиі-жиі талқыға түсіп жүргені сондықтан болар. Бұл мәселеге қатысты оқушылардың ата-аналары алдында: «зайырлы мектептерге хиджаб киіп баруға бола ма?», - деген сұрақ туындайды.

Бұл орайда Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі хиджаб кию мәселесін біз құқықтық және тарихи аспектілерде қарастырайық.

Біріншіден, Қазақстан - зайырлы мемлекет, ал бұл барлық діни институттардың зайырлы биліктен бөлінгендігін білдіреді.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3 бабына сәйкес, діни ұйымдардың білім жүйесін санамағанда, республикадағы мемлекеттік білім беру жүйесі, зайырлылық сипатын алған. ҚР «Білім туралы» Заңының 3 бабында да білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі зайырлылық екендігі айтылған.

Стандартты мектеп формасы киім үлгісінің қалыбы қалыптасқан жалпы білім беретін зайырлы мектептерге діни сипатқа ие киім үлгісімен келген баланы елестетіп көрейік. Бұл балалар арасында діни шиеленіске дейін апаратын, негативті салдардың туындауына әкелуі мүмкін. Балалардың әсіресі бозбалалар арасындағы әр түрлі түсінбеушіліктердің оңай туындап тез өрбитіні, тіпті қатыгез әрекеттердің де орын алып жататыны бәрімізге мәлім.

Қазіргі таңда мемлекетіміздің жалпы білім беретін мектептерінде оқушыларды әлеуметтік, ұлттық, діни және басқа белгілері бойынша бөліп көрсетпей, тәртіпке салып, мәртебесін ерекшелейтін барлығына бірдей мектеп формасы енгізілген.

Осыған орай 2010 жылы еліміздегі мектептерде хиджаб кию мәселесінің БАҚ-тарда жиі-жиі талқыланғаны есімізде. Оқушылардың ата-аналары міндетті мектеп киім үлгісін кию тәртібі туралы Қаулының қабылдануын талап етіп, балаларын мектепке жібермеген кездері де болды. Ал Қазақстанда орта білім алу еліміздегі азаматтардың конституциялық міндеті болып табылады.

Ата-аналардың мұндай шешімдері құқыққа қайшы екендігін айтпай кетуге болмайды, өйткені Дін туралы Заңның 3 бабында ешкiмнiң де өз дiни нанымдарын себеп қылып ҚР Конституциясы мен заңдарында көрсетілген мiндеттерiн атқарудан бас тартуға құқығы жоқ екендігі көрсетілген.

Аталмыш жылдары мемлекеттегі кейбір мектептерде ата-аналар мектеп басшылығын балалардың діни сенімін кемсітуде деп айыптаған кездері болған. Бұл жағдай мұғалімдердің оқушылардан мектепке бірдей арнайы киім үлгісімен келуін талап еткеннен соң басталды.

Бұл жерде «дискриминация» ұғымын ашып алғанымыз жөн. Бұл - біреудің құқығын екінші басқа тараптар тарапынан қысым жасалғанын білдіретін жалпықұқықтық термин. Бұл құқықты тең жүзеге асыруға тосқауыл қоятын қандай да бір айырма осы ұстынды жоққа шығару болып табылады.

Ұғымның өзектілігі, білім саласындағы ұйымдарда біріңғай киім үлгісінің, діни себептермен дискриминациялау болып табылмайды, өйткені аталмыш талап діни сеніміне қарамастан барлық оқушыларға бірдей қойылған.

Бұл мәселенің толғандырмай қоймайтын екінші жағы хиджаб киюдің тарихи аспектісі болып табылады.

Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды. Бұл - арабтардың өмір сүріп жатқан жерінің табиғат шарттарына байланысты мәдениеті мен дәстүріне негізделген, араб киімі.

Бәрімізге белгілі, қазақ халқының терең әрі бай дәстүрі мен тарихы бар. Қазақтар әрқашан да өз қыздарының құқықтарына шектеу қоймай, еркін өсірген. Бозбалалармен бірге олар ұлттық ойындарға қатысып, музыкалық аспаптарда ойнаған, атқа мінген және т.б.

Қазақ қыздарының бас киімі, киімдерінің бір бөлшегі ғана болмай, отбасылық жағдайын да көрсеткен.

Мысалы, белгілі бір жасқа келгенге дейін жас қыздар «тақия», яғни ұлттық нақыштармен әшекейленген бас киімдер, сонымен қатар «бөрік» жүннен жасалған құрсама киген. Келіндер болса, құс қанаттарымен әшекейленген бас киім «сәукеле» киген. «Сәукеле» бойжеткеннің жасауында тұрмысқа шығардан бұрын жасалатын міндетті зат болып табылады. Келін сәукелені некелескен күнінен бастап киіп жүретін болған.

Бала туғаннан кейін әйелдер «кимешек» киген. Бұл әйелдердің өмір соңына дейін киетін бас киімі болған.

Күнделікті өмірде қазақ қыздары ешқашан бетін жабатын киім киген емес. Ол дәуірде қазақ қоғамында «Хиджаб» ұғымы болған емес.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, 2011 жылы іс сапармен ежелгі Түркістан қаласына барғынында бұл мәселе жайында өз көзқарасын айтқан болатын. Өз сөзінде ол: «Мен әрқашан орамал мен паранжаға қарсымын. Біздің әйелдеріміз ешқашан бұларды киіп бетін бүркемеген... Бізге жабысқан діннен шынайы діннің айырмашылығын ажыратып алғанымыз жөн», - деді.

Хиджабтың мұсылман қыздарының міндетті элементі және иманның көрсеткіші емес екендігін айтып өткеніміз жөн. Ең бастысы иман жүректе болуы керек, бетпен шашты қарамен жабу қазақ әйелдерінің табиғатына жат.

Қазақ мұсылмандарының ұстанған діні болып табылатын, исламның ханафи мазхабы - аталарымыздың діні, ислам мәзхабтарының арасындағы ең қалыптысы болып саналады, сондықтан қазақ халқының қыздарына сыртқы дүниеден бетін жабуы міндетті емес.

Жарқымбеков Жандос,

ҚР Дін істері агенттігі

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық

орталығының  бөлім бастығы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522