Жұма, 29 Наурыз 2024
1789 8 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 15:57

Димаштың концертіне 68 елден көрермен жиналды

Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы алғашқы жеке концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келді, деп жазады ҚазАқпарат.

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Димаш Құдайбергеннің Қазақстандағы ең үлкен және аты аңызға айналған спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда «Stranger» атты үлкен жеке концерті өтеді.

Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам маман жұмылдырылған. Концертке 400 волонтер қолдау мен көмек көрсетеді.

Концертте Димаш Құдайберген 31 ән орындайды. Шоу барысында әртісті өзінің бэнд-тобы сүйемелдейді. Онда баршаның сүйіп тыңдайтын композицияларымен қатар, жаңа туындылар да шырқалады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қонақүйлеріндегі барлық орынды Димаштың шетелдік жанкүйерлері сатып алып жатқаны туралы айтылған. Қазір «Тикетон» қосымшасы арқылы концертке 21 мың билет сатылған.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584