Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1432 0 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 12:37

АҚШ өзбек пен тәжікке тікұшақтар бермек

АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстанға Ауғанстандағы терроризммен күресуге көмектессе, 50 әскери тікұшақты беруге ниетті деп жазады Politico басылымы дереккөзіне сүйеніп.

Басылымның жазуынша, олар былтыр "Талибан" Кабулды басып алған кезде, ауған ұшқыштары мініп қашқан тікұшақтар. Олардың арасында C-208 ұшақтары мен A-29 Super Tucano, Ми-17, Ми-25 және UH-60 Black Hawk тікұшақтары бар.

Қазір АҚШ бұл ұшақтарды егер де Ауғанстандағы терроризммен күресуге келісім берсе, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметіне өткізуді қарастырып жатыр.

Abai.kz

0 пікір