Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1689 0 пікір 20 Қыркүйек, 2022 сағат 15:28

Қала күніндегі концертте 94 мыңға жуық гүл тапталған

Алматыдағы қала күніне арналған «Gakku Дауысы» концертінде 94 мыңға жуық гүл тапталған.

Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, 13 млн теңге шығын келген. Гүлзардағы ауданы 117 шаршы метрді құрайтын раушан гүлдер, 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер, 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер аяқ асты болған.

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камера қираған.

Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі, өсімдіктер қайтадан отырғызылады.

 

Abai.kz

0 пікір