Жұма, 26 Сәуір 2024
1754 0 пікір 20 Қыркүйек, 2022 сағат 15:00

Қырғыз бен тәжік елдері мәмілеге келді

Тәжікстан мен Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары Саймумин Ятимов пен Қамшыбек Тәшиев келіссөздер жүргізіп, бейбітшілік орнату туралы хаттамаға қол қойды.

Құжат әскерлерді шекара маңынан тұрақты орналастыру орындарына тасымалдау; шекараның екі жағында тек шекара әскерлерін қалдыру; шекара мәселелерін талқылауды жалғастыру арқылы шекарадағы жағдайды қалыпқа келтіру деген тармақтардан тұрады.

Тараптар шекара маңындағы аудандарда тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, сондай-ақ атысты тоқтату режимін бұзбауды атап өтті, деп хабарлады 24.kg

Қырғызстанның  ҰҚК басшысы Қамшыбек Тәшиевтің айтуынша, шекарадағы жағдай тұрақталып келеді, бұл жұмыс әлі жалғаса түседі.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасындағы ірі қақтығыс болды. Тараптар бір-бірін «оқ жаудырды,  ауыр техниканы қолданды» деп айыптады. Кейін екі елдің шекара қызметі атысты

Қырғыз СІМ мәліметінше, 18 қыркүйекте Қырғызстанның 46 азаматы қаза тауып, 140 адам зардап шеккен. Тәжік тарапынан 41 азамат қаза тапқан.

 

Abai.kz

0 пікір