Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2843 5 пікір 20 Қыркүйек, 2022 сағат 14:35

Сасықкөл көлі Мәриямкөл болып өзгертілді

Үкіметтің арнайы қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Сасықкөл көлі Мәриямкөл болып өзгертілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округінің аумағында орналасқан Сасықкөл көлінің атауы Мәриямкөл көлі болып өзгертілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі». – делінген құжатта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда төрт бірдей «Сасықкөл» көлдері бар. Оның екеуі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан.

Abai.kz

5 пікір