Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2022
46 - сөз 1438 4 пікір 20 Қыркүйек, 2022 сағат 11:06

Си сапарының эффектілері басталды

Си сапарының эффектілері басталды. Бұған дейін мен Қытай басшысының келуімен Қытайдың алпауыт компаниялары іске кіріседі деп жазған болатынмын.

Бүгін Huawei Қазақстан темір жолымен стратегиялық бірлестік жөнінде келісім шартқа қол қойды.

Ол нені білдіреді?

Цифровизация көмегімен Қытай темір жолы біздің ҚТЖ-ның көлемнен 2 есе көп жүк тасиды. Оған олар логистикалық цифрлі интеграциялық шешімдер арқылы қол жеткізген. Huawei осындай цифрлі интегратор. ҚТЖ-ны логистика алпауытына айналдыру үшін бізге оның шешімдері қажет болған. Бірақ ол стратегиялық қадам болғандықтан Қытайдың ірі компаниялары компартияның қас-қабағына қарады. Си мырзаның келуімен Қытайдың стратегиялық маңызы бар жаңа технологияларын біздің экономикамызға орнатуға рұқсат берілді деуге болады.

Айбар Олжаев

Abai.kz

4 пікір