Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2564 0 пікір 14 Қаңтар, 2013 сағат 09:17

Шенеуніктер рейтингі: 1- орын – Кәрім Мәсімов

2012 жылы «Рейтинг.kz» ақпарат агенттігі «Казпотребнадзор» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып,  «Қазақстанның жоғары лауазымды саяси элитасының мансаптық болашақ рейтингі», «ҚР өңірлерін ранжирлеу», «Қазақстанның министрліктері мен ведомостваларының транспаренттік  Рейтингі», «Қазақстан мемлекеттік құрылымдарына жұртшылық тарапынан түскен шағым рейтингі», «Қазақстан өңірлері әкімдер блогының рейтингі» тақырыптарына абыройлық деңгей кестелері жасалған еді.

Рейтингшілер өткен жылғы қоғамдық-саяси жағдайдың қарапайым болмағанын атай отырып, кейбір фактілер орын алған инсиденттерге биліктегі қайбір элиталық топтардың мүдделі екендігі байқалғанын жария етті. (http://agencyrating.kz/rating-ugroz-2/ ).

«Ішкі элиталық топтардың өзара қарсыластығының ушыққанынан туындаған билік жүйесіндегі берекетсіздік пен олардың бақылаусыз әрекетіне деген ел басшысы тарапынан болған қыймыл мен биліктің сыртқы ортамен, оның ішінде азаматтық құрылымдар мен оның институттарымен арадағы қатынасында  біршама жағымсыз көрініс тапты» - дейді рейтинг авторлары.

Одан әрі рейтингішілер мынаны атап өтеді: нәтижесінде, біріншіден, лаңкестік пен экстремизмге күдігі бар адамдарға қатысты күштік құрылымдардың барынша қатыгез әрекеттері; екіншіден, биліктің қасарысқан оппозиция бөлігі мен оны қолдайтын БАҚ-тарға деген қатал жаншуы көрініс берді.

Бұның үстіне өрістеп бара жатқан әлеуметтік желілердің де рөлі арта түсуде. Ақпарат өрісінің балама қанаты болып табылатын әлеуметтік желілерді тазарту наразылық көңіл-күйдің де туындайтынына әкеліп соғатыны сөзсіз.

Басқа жағынан, биліктің жаппай абыройсыздануы және оның кемшілігі мен қатесін пайдалануға тырыса отырып, оппозиция мен оны жақтайтын БАҚ-тар көбіне жүйесіз күштерді қоздыра түседі.

Рейтинг жасалу барысында сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары өздерінің аталған әрекеттері мен енжарлығы арқылы Президент пен халық арасындағы сызатты алшақтата бермек.

«Соған қарамастан, Президент қазақстандықтар алдында өзінің мемлекет басшысына тән қабылетін көрсете білді» дейді рейтинг авторлары. Ақыры мемлекет басшысы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы идеясы  мен «Қазақстан-2050 стратегиясын» жариялап, өзінің жоғары белсенімін тағы көрсетті» - делінген рейтинг сыйпаттамасында.

Сонымен, 2012 жылғы ең тиімді шенділер ретінде, алтын рейтинг бүгінгі Президент әкімшілігінің жетекшісі, экс-премьер Кәрім Мәсімовте. Күмісті - кәзіргі премьер Серік Ахметов иеленді, ал қола рейтинг -  ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевта. Одан ары - вице-премьер Қырымбек Көшербаев, астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болса, 7-орын Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевта, сегізінші орында - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. Тиімді шенділердің соңын Батыс Қазақстан облысының әкімі  Нұрлан Ноғаев шектепті.

Тиімсіз шенділердің тобын Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бастап, «Қазғарыш» агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевпен бітіпті. Ғарышкердің тиімсіздігі «Байқоңыр» бойынша Ресеймен тіл табыса алмай, елдің халықаралық ауқымдағы ынтымақтастығын дамытуға үлес қоса алмағандығынан екен.

Ш.Қайсар

«Abai.kz»

0 пікір