Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2022
46 - сөз 1110 6 пікір 18 Қыркүйек, 2022 сағат 22:37

Ұрпаққа ұлағатты дүние қалдырсақ...

 

 

Конституцияға өзгеріс енгізіп, Президенттік мандатты жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлаймыз деп жатыр. Мемлекет басшысының өзі Конституцияға өзгерістер енгізген кезде «Мемлекет басшысы ретінде өзімнен бастаймын» дегенді айтты. Мүмкін бұл дұрыс та шығар. Халық солай деп шешсе, біз де қосыламыз ғой. Мемлекет басшысы бірқатар реформаларды жариялады. Сол бастамалар жүзеге асса, халықтың да әл-ауқаты түзелер деген ойдамын.

Бастысы, сенімге селкеу түсіріп алмайық. Қоғам біздің кері кеткенімізді емес, ілгері басқанымызды қалап отыр. Президент халық үніне құлақ асамын деді. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, әлеуметті мазалаған мәселелер шешімін тауып жатса, құба-құп. Біз оған қуанамыз.

Мен асарымды асап, жасарымды жасаған адаммын. Жеке басыма көп ешнәрсенің қажеті жоқ. Талай нәрсені бастан кещтік. Бәріне де шыдадық. Менің ендігі уайымым – келер ұрпақтың қамы. Келешек жастар қиындық көрмесе, солардың жағдайы жақсы болса деген үміт ғой.

Біз ұрпаққа ізгілік нәрін сеуіп, ұлтын сүйетін буын тәрбиелеп қалдырсақ, еліміз қиындық көрмей өссе деген аналық ақ тілегім бар.

Ақұштап Бақтыгереева

Abai.kz 

6 пікір