Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 2353 14 пікір 16 Қыркүйек, 2022 сағат 16:31

Ешкім Президент билігін ұзақ жылдар бойы иемденбейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа Жолдауын жариялап, тың бастамалар көтерді. Соның ішінде, биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу. Бұл ұсыныс сарапшылар ғана емес, бүкіл қоғам тарапынан қызу пікір-талас тудырды. Дегенмен айтарым, бұл шешімді өзім қолдаймын.

Біріншіден, биыл елімізде конституциялық реформа қолға алынды. Мемлекеттік жүйені, яғни бұл – демократиялық басқару моделіне көшуге жол ашатын бастама. Сондықтан, қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімді енгізу дұрыс бастама. Ешкім Президент билігін ұзақ жылдар бойы иемденбейді. Екіншіден, Президент өкілеттігін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзіммен шектеу – еліміздің демократиялық бағытты берік ұстанғанын көрсетеді.

Оның үстіне, қазір елінің көшбасын бастайтын азаматтың бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев. Елдегі дипломатиялық қарым-қатынасты жүргізе отырып, елдің өркендеп, көркеюін арттыра түседі.

 

Мади Бөленбаев

Abai.kz

14 пікір