Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 2669 13 пікір 14 Қыркүйек, 2022 сағат 14:48

Ресейдің әскери шығындары

Украинада не болып жатыр?  Күнде таңертең осы сұрақпен оянамыз. Осы сұрақпен кешке басымыз жастыққа тиеді. Бала-шағамыздың әңгімесі де осы төңіректе. Украинаның ұрыс қимылдары болып жатқан оңтүстік, оңтүстік шығыс жақтарының жағрапиясын да біршама біліп қалдық. «Батько наш Бандера, Украина –мать!» деп басталатын украин әуендері де құлағымызға майдай жағатын болды. Өйткені, бауырлас Украинада Қазақстанның тәуелсіздік тағдыры да шешіліп жатыр. 24-ақпаннан бері әскери қимылдар сипаты көз алдымызда. Украина халқы мен Украина Қарулы Күштерінің қаһармандық күресі ересен құрмет сезімін оятса, агрессор Ресей мемлекетінің «спецоперация» сылтауымен жасап жатқан опасыз әрекеттері ашу-ызамызды еселей түседі.

«Соғыс болған соң өлім-жітімсіз болмайды» демекші, екі жақтың да адам шығындары аз емес. Басқыншы жақ әдетте өз шығындарын еселеп кемітіп, азайтып көрсетеді. Путин өткенде: «екі жақтың әскери шығындары 5000-ға жетіп қалды» деп күлбілтелейді. Кеше интернет әлемінен біздің қолымызға эстониялық «Свободная Украина» ұйымының түпнұсқасы «MTU Vaba Ukrainaның» туиттер парақшасында жарияланған құпия құжаттары түсті.
Онда РФ Қаржы министрлігінен РФ Қорғаныс министрлігіне 1922 жылдың бюджетіне өзгерістер енгізу туралы 2022 жылы 26-тамыздағы №09-0-06/ 90526 хатына сәйкес Үкімет аппаратына жолдаған хабарламасында 2022 жылы Украинада арнайы операция кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына федеральдық тұрғыдан өтемақы төлеу ісін қаржылық қамтамасыз ету мәселесі мен 20023 жылғы осындай шығындарды жоспарлау сөз етіліпті.

Осы құжатта алты ай соғыста «2022 жылғы 24-тамыздағы жағдай бойынша Ресей армиясының 48 759 (қырық сегіз мың жеті жүз елу тоғыз) әскери қызметшісі қаза тапты» деп көрсетілген. РФ Үкіметінің 1998 жылғы 27-шілдедегі №855 қаулысына сәйкес қаза тапқан әр әскери қызметшінің отбасына бір жолғы 7,4 млн рубль (бұл біздіңше бүгінгі курс бойынша 57, 7 млн теңге) өтемақы төлеу көзделген. Осы мақсатта бәрін қосқанда «федеральдық бюджеттен 362 млрд рубль төленуге тиісті» екендігі көрсетілген. Бір қызығы ары қарай есеп-қисапты ыңғайлап жүргізу үшін Украинадағы арнайы операция кезінде әр айда қаза табатын ресейлік әскерилердің орташа көрсеткіші шығарылып, ол 8132 (!!!) солдат пен офицер болып белгіленіпті. Мұндай орасан шығындарды Ресей тарапы қолдан келгенге жасырып бағатыны айдан анық.

Оңтүстік-батыста Днепрдің сағасынан солтүстік шығыстағы Луганск мен Донецк облыстарына дейін ұзындығы 2400 шақырымды алып жатқан майдан шебінде қыркүйектің басында позициялық ұрыс сипаты басым болып көрінген. Соңғы аптада УҚК-нің Харьков пен Херсон облыстарына жайдың оғындай қарсы шабуылы орыстарды есінен тандырды. Украина әскері алдын ала ойластырылған батыл қарсы шабуылға шығып 300-ден астам елді мекенін жаудан азат етті, қарсыластарын облыс аумағында Ресей шекарасына шегеріп тастады.

Ресейдің әскери шығындары туралы басқа дерек көздер не дейді? УҚК Бас штабының хабарлауынша Украинаға қарсы кең көлемді соғыс барысында Ресейдің әскери адам шығындары 50 мыңнан асқан. Дәлірек айтқанда 6-қыркүйекке дейін 50150 солдаты мен офицерінен айырылған. Батыстық әскери сарапшылар Донбастағы басқыншылық басталғалы бері өлгені бар, жараланғаны бар 80 мыңнан астам ресейлік әскерилер мен сепаратистер қатардан шығарылды деп есептейді.

Украина қаржы министрлігінің 13-қыркүйек күнгі деректеріне қарағанда Ресей әскерінің жеке құрамы 53300 адамынан айырылған. Әдетте соғыс қимылдары кезінде қаза болғандар мен жараланғандардың ара қатынасы 1:3 болады. Яғни Ресейдің бүгінгі таңдағы 53300 адамдық әскери шығынын үшке көбейтсек, жараланғандар саны 160 мыңға жуықтайды. Ресейдің Президент әкімшілігіне Украинадағы соғыста хабар-ошарсыз кеткен солдаттар туралы дерек сұраған 41 666 өтініш түскен. Хаймарс зымырандары тиген танк экипажынан әдетте ешбір із қалмайды, бу сияқты жоқ болып кетеді екен. Денесі табылмағандықтан оларды хабар-ошарсыз кеткендер қатарына қоса салады. Әрі ол өтемақы төлемеу үшін Ресей тарапына тиімді. Сонда қарап отырсаңыз Ресей әскерінің күллі шығындары 200 мыңнан асып кететінін көресіз. Орасан әскери техникалық шығындары туралы айтпай-ақ қоя тұралық.

Ресей тарапы қазір 18-ге толған жастарды, түрмеде жатқан қылмыскерлерді, ақша үшін қолына қару алған 45-50 жастағы еріктілерді екі-үш апта оқу-жаттығудан өткізіп соғысқа аттандырып жатыр. Тәжірибесіз солдатсымақтар болса зеңбіректің жеміне айналуда. Соғыстағы басты бетбұрыс енді Луганск мен Донбасс үшін шайқастарда жасалады деп күтілуде. Майдан даласынан жағымды жаңалықтар күтеміз!

 

Марат Тоқашбаев

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503