Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 2854 6 пікір 14 Қыркүйек, 2022 сағат 14:10

Дінді саяси тартысқа айналдырған елдер...

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтіп жатыр. Пленарлық отырыс «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» тақырыбына арналған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушы Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискке, ең көне Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх Ахмад ат-Тайебке, Орыс православ шіркеуінің өкілдеріне, Израильдің Бас ашкеназ раввині Давид Лауға, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифке  және форумның барлық қатысушысына жиынға келгендері үшін алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 18 конфессияны білдіретін 4000-ға жуық діни бірлестік бар. Олардың бір-бірімен бейбіт қарым-қатынас орнатып, бірлікте жұмыс істеуі еліміз үшін үлкен жетістік.

Әлемде дін жолын тікелей болмаса да, жанама себеп ретінде соғыс жолына айналдырған елдер аз емес. Солардың біршамасын қарап көрейік:


Ауғанстан. Билікке елді шариғат жолымен басқаратын «Талибан» қозғалысының келуі.

Тәліптер келген соң Ауғанстанда әйелдер құқығы шектелді.

Қазіргі Йемен. Елдегі қақтығыс 2004 жылдан басталған.

Үндістан. Мұсылмандарға жеккөрушілікті көрсететін өлеңді айтып көшеге шыққан жұрт.

Үнді әншісі Прем Кришнаванши. Үсндістандағы мұсылмандарға қарсы әннің авторларының бірі.

Ирак. Бағдадтың «жасыл аймағында» Садр жақтастарының Ирак қауіпсіздік күштерімен қақтығысы.

Ас-Садр Муктадасының жақтастары жақында Ирак Парламентіне екі рет шабуыл жасады.

Дайындаған Айжан Темірхан

Abai.kz

6 пікір