Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3705 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 08:15

2023 жылы адамдар Марсқа көшірілмек

2012 жылдың мамыр айында құрылған Mars One қоры 2023 жылдан бастап «Қызыл» планетаға адамдарды көшіруді бастайтындықтарын мәлімдеп отыр. Олар Марсқа барамын деушілерге қойылатын талапты да көпшілік назарына ұсынды.

Марстың болашақ тұрғындары ұшқыш немесе әскери қызметкер болуы шарт емес. Тек жас мөлшері 18-ден асса болғаны. Сондай-ақ, аталмыш жобаға қатысушылар адамдармен тілтабысқыш, шығармашылық қабілеті дамыған және қоршаған ортаға бейімделгіш болуы шарт.

«Бізді әрбір астронавтың өзге планетада қалай күн көретіндігін, бір-бірлерімен қалай жұмыс істесетіндігін, Жерден Марсқа дейінгі ұзақ сапарға қалай төзетіндігі алаңдатады» дейді жобаның медицина саласы бойынша директоры, Насаның бұрынғы ғылыми қызметкері Норберт Крафт.

Марс тұрғындарыны бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесетін болады. Бірақ, олардың дініне, ұлтына ешқандай шектеу қойылмақ емес.

Айта кету керек, «Қызыл» планетаға аттанғандарға кері қайтар жол жоқ, олар мәңгілікке аттанады. Ал, Марс тұрғындары үшін ғимараттар мен инфраструктураны автоматтар тұрғызады, алдын ала.
Экспедицияны ұйымдастырушылардың айтуынша, адамдардың бір-ақ бағытқа қарай ұшуы техникалық жұмыстарды жеңілдетіп, қаржыны да әжептеуір үнемдейді. Оның үстіне, алғашқы марстықтардың өмірінен реалити-шоу ретінде транслияция жүргізілмек. Тележобадан келіп түскен қаражат шығынның жартысының орнын жабады деп күтілуде.
Mars One қорының өкілдері ұшуға тілек білдірген мыңдаған адамнан хат келіп түскендігін айтты. Ал, іріктеудің өзі болса телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады.

Дереккөз: BAQ.KZ

0 пікір