Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 2564 27 пікір 14 Қыркүйек, 2022 сағат 13:29

Қазақ тілін күшейту жолдары қандай?

Кез келген халықтың тілі - оның ұлттық психологиясының негізін қалыптастыратын мәдени-рухани феномен.

Тіл - әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді сөзбен өрнектей отырып, Ұлт санасын даналыққа жетелейтін мықты қару.

Тіл - ұлт пен оның мемлекеттік дамуын (рухани, әлеуметтік, мәдени және т.т.) қамтамасыз етуші бірден-бір тетік.

Қазақстанда "Мемлекеттік тіл" - Қазақ тілі.

Бұл - тарихи әділеттілік, себебі, бүгінгі Қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін ғасырлар бойы басын тәуекелге тігіп, оны қорғап осы күнге жеткізген, сол үшін ұлы құрбандықтарға барған халықтың бүгінгі аты да - ҚАЗАҚ ЕЛІ.

Қазақстан - бүгінде Тәуелсіз мемлекет.

Өзінің даму жолдарын өзі анықтайтын дербестікке қол жеткізген мемлекет.

Ендеше, Тәуелсіз Қазақстанда Қазақ тілінің толық салтанат құруы, Қазақстан "Қазақ тілі патшалығы" болуы қажеттігі - адамзаттық моралдік тұрғыдан және әлемдік геосаясат, әрі, мәдениеті тұрғыдан, тіптен, Жаратушы Хақ тұрғыдан ешқандай күмәнсіз екені анық!

Бұл - тұтас Қазақстан халықтарының қабылдайтын тілдік тұрғыдағы басты принцип болып табылады.

Қазақстан - бейбітсүйгіш мемлекет. Себебі, егеменді Қазақ ұлтының табиғаты сондай, бүтін болмысы сондай.

Сондықтан, Қазақ халқы өзінің Ана тілінің даму ареалы ретінде тек қана өз мемлекетін таниды, ешқашан сыртқы тілдік-мәдени экспансияға бармайды.

Бұл - Қазақ халқының мойнына Мемлекеттік қарым-қатынас жүйесін тілдік деңгейде сапалы қамтамасыз етудің барлық жауапкершілігін жүктейді.

Бұл өте ауыр жүк. Қазақ халқы өз тәуелсіздігі мен баянды болашағы үшін оны арқалап өтуге іштей дайын, бекем бекінген...

Бірақ осы әділетті шешімге кедергілер де аз емес...

Ол - қазақ тілін үйренуге құлықсыздық және қазақ тіліне құрметтің аздығы. Кей жағдайда тілге деген астамшылдық.

Осы кедергілерді игерудің жолдары қандай?

Оның жолдары көп қырлы, тек қана "тіл мәселесімен" шектелмейді. Мәселенің шешімі оң болуы үшін:

  1. Мемлекеттілігіміздің тарихын сырттан танылған экспансиялық-отарлық езгіден тазартуымыз қажет. Тарих қойнауына үңіле отырып Тіл тарихының мықты конструкциясын құру қажет.
  2. Тілге деген қатынастың "тілден тысқары" тұратынын ескере келе, бар салада Қазақ Мәдениетіне деген қатынасты МЕНТАЛДЫҚ деңгейде өзгертуге, оған деген құрметтің артуына, Қазақ мәдениеті мен салтының, дәстүрінің қоғам өмірінде шешуші факторға айналуын қамтамасыз етуге ұмтылу керек.
  3. Сонда ғана Тілге қатысты астамшылдық көзқарастар жұмсарып, қазақ тілін үйренуге кедергі болып тұрған ішкі барьер (ішкі қамал) алынады.
  4. Нәтижесінде "тілді меңгеру" табиғи қалыпқа түсіп, қандай да бір саяси не әлеуметтік сипаттардан арылады.
  5. Тіл де жетіле түседі, өзінің комуникативтік қызметінің сапасын көтереді.

(Бұл - бүгінгі таңда ойға оралған оралымдар. Әзірге осы)

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

27 пікір