Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3507 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:56

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ:КӨШІ-ҚОН САЛАСЫ ЖАҒАНОВА, ӘБДИЕВ СЫНДЫ БАСШЫЛАР КЕЛГЕН СОҢ МҮЛДЕМ ТОҚЫРАУҒА ҰШЫРАДЫ

- Бекен мырза, бүгінгі таңда қазақ қоғамын толғандырып отырған мәселенің бірі - көші-қон саласының тоқтауы болып отыр. Тіптен кейбір зиялылар мұны «қазақ қоғамының үлкен тоқырауы» деп атап жүргенін байқаймыз. Бұл туралы не айтасыз?  Расымен көш тоқтап қалды ма?

- Расында қазір көші-қон саласы біршама тоқырап тұр. Мамандар оның бірнеше себебі бар деп түсіндіріп жүр ғой. Ең бастысы әрі негізгі себебі деп квота мәселесін айтып жатады.  Бәлкім ол да рас шығар? Олай дейтінім, алдыңғы жылы көшіп келген ағайындарға деп бөлінген 20 мың отбасына арналған квотаның тек 34 пайызы ғана игерілгені анықталды. Яғни мемлекеттен бөлінген қаншама қаржы желге ұшты. Тағы қаншамасы жемқорлардың жемсауында кетті. Тағысын тағылар. Ал мен бұл жерде басқа дүниенің иісін сеземін.

- Ол не иіс? Толықтырып айта кетсеңіз?

- Мемлекетіміз күннен күнге дамып, гүлденіп келеді. Оған сөз жоқ. Бірақ ұлттық мемлекет болып қалу мәселесі әлі де қиын күйінде қалып тұр. Көштің тоқтауына өзіміз емес, сыртқы күштердің ықпалы болды ма деп ойлаймын.

- Сыртқы күштер дейсіз бе? Оларға қазақтың көші-қоны не үшін қажет?

- Өйткені олар қорқады.

- Неден қорқады сонда?

- Бекен мырза, бүгінгі таңда қазақ қоғамын толғандырып отырған мәселенің бірі - көші-қон саласының тоқтауы болып отыр. Тіптен кейбір зиялылар мұны «қазақ қоғамының үлкен тоқырауы» деп атап жүргенін байқаймыз. Бұл туралы не айтасыз?  Расымен көш тоқтап қалды ма?

- Расында қазір көші-қон саласы біршама тоқырап тұр. Мамандар оның бірнеше себебі бар деп түсіндіріп жүр ғой. Ең бастысы әрі негізгі себебі деп квота мәселесін айтып жатады.  Бәлкім ол да рас шығар? Олай дейтінім, алдыңғы жылы көшіп келген ағайындарға деп бөлінген 20 мың отбасына арналған квотаның тек 34 пайызы ғана игерілгені анықталды. Яғни мемлекеттен бөлінген қаншама қаржы желге ұшты. Тағы қаншамасы жемқорлардың жемсауында кетті. Тағысын тағылар. Ал мен бұл жерде басқа дүниенің иісін сеземін.

- Ол не иіс? Толықтырып айта кетсеңіз?

- Мемлекетіміз күннен күнге дамып, гүлденіп келеді. Оған сөз жоқ. Бірақ ұлттық мемлекет болып қалу мәселесі әлі де қиын күйінде қалып тұр. Көштің тоқтауына өзіміз емес, сыртқы күштердің ықпалы болды ма деп ойлаймын.

- Сыртқы күштер дейсіз бе? Оларға қазақтың көші-қоны не үшін қажет?

- Өйткені олар қорқады.

- Неден қорқады сонда?

- Қазақтың күшейіп кетуінен қорқады. Сыртқы күштер әлі де болса Қазақстанның мемлекет болып, әсіресе ұлттық мемлекет болып күшейіп кетуінен қатты сескенеді. Қазақ дамып, ұлттық мемлекетке айналып кетсе, елімізде емін-еркін сайран салып жүрген шетелдік алпауыттарға есік жабылады. Жеп отырған нанынан айрылады. Олар қазақ даласын өздері қойған, сөздерін сөйлейтін жемқор шенеуніктер арқылы басқарып отыр. Еліміз алғаш тәуелсіз ел болып, әлемнің әр түкпірінде шашылып жүрген қазақтарға айқара есік ашқаннан кейін оралмандардың алғашқы легі келе бастағанда сыртқы күштер ойлады: «Жаңа ортаға сіңіп кете алмайды» деп. Алайда олай болмады. Оралмандар сіңісіп, киелі қазақ елінің толыққанды азаматы болып кетті.

Кезінде еврейлерді гуманитарлық салаға оқытпау туралы жасырын заң болған. Бұл еврей жұртының өкілдерін билікке араластырмау мақсатында қабылданған шара болатын. Осының салдарынан олардың бәрі техникалық салада білім алды. Алайда түбінде техниканың заманы туып, әлемді түгелімен деуге де болады, еврейлер басып алды. Бір ғана мысал айта кетейін, қазақты қынадай қырған Голошекин деген жауыз осы заңға ілігіп, оқудан шығып қалған адам болған. Кейін бұл оқшаулау саясаты өзгергеннен кейін еврейлерге өте үлкен қолдау жасала бастады. Алды билікке келді. Ақыры сол Голошекин қазақтың түбіне жете жаздаған жоқ па?

Бұл саясат әлі де жүріп жатыр. Қазақ секілді ұланғайыр байлыққа көз алартатын мүдделі күштер, қалай болған күнде де, елімізге сырттан келетін қайнар көздерді біржолата жауып тастауға күш салып жатыр.

- Япырай-ә!

- Біз алғаш тәуелсіздік алған жылдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қаңтардың оны күні әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақтарға арнайы Үндеу жариялады. Ол Үндеу «Қайт қазақ, қарашаңырағыңа» деп аталды. Осыдан кейін ұлы көш басталды. Бұл қазақтың жаппай рухани оянуына алып келді.

Ол кезде кеңестік құрсау қысып тұрса да, ұлтшыл демей-ақ қоялық, халықшыл тұлғалар да көп еді. Олар жергілікті халықтың тұрмысының төмендігіне, жалақының жоқтығына қарамастан көші-қон саясатын бір кісідей жүргізе білді. Елбасының өзінің арнайы тапсырмасымен сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі Балташ Тұрсынбаев дейтін азамат күллі ауыл шаруашылығына деп бөлінген қаржының бәрін шеттегі қазақты көшіріп әкелуге аударып жіберді. Елдегі күллі жүк көтере алатын ауыр техникалардың барлығы қазақтарды көшіріп алу үшін Моңғолияға қарай жол тартты. Айына 3 мың үш жүз КамАЗ қызмет етіп, күніне тағы 4 ұшақ жеті рет барып-келіп тұрды.

Көші-қонның басында отырған Ғазиз Есмұханов дейтін азаматтың өзі ауыл-ауылдарды аралап жүріп оралмандардың жайын бақылап отырды. Көші-қон саласын реттеуге жаны қазақ, ұлтшыл азаматтар ғана тартылды. Осының бәрі қазақтың дархан даласынан үлкен үлес күткен шетелдік алпауыттар мен мүдделі топтарға үлкен соққы болып тиді. Кейін олар ебін тауып бұл үрдісті тоқтатып осы салаға жемқор, көші-қонға жаны қас адамдарды тықпалай  бастады.

Алтыншаш Жағанова, Жазыбек Әбдиев сынды басшылар келген соң бұл сала мүлдем тоқырауға ұшырады. Көші-қон комитетін Алтыншаш Жағанова басқарып тұрған тұста мынадай заң пайда болды: Оралмандарға Қазақстанға көшіп келмей-ақ, «көшіп келеміз» деген кепілдеме хат арқылы квота бере беретін ереже енгізілді. Осыны пайдаланып ебін тапқандар папка-папка жалған құжат әкеліп көрсетіп, миллиондаған қаржыны арқалап кете беретін жағдайға жетті. «Оралмандар жемқор, көші-қонның ақшасын жамқырып жатыр» деген әңгімелер осы кезден бастап айтыла бастады. Шын мәнінде жалған құжат жасау арқылы көші-қонның басында отырғандар өздері жымқырып отырды. Оралмандар ақша алған жоқ, керісінше белгілі бір топ мемлекет қазанындағы қаржының  жетпіс-сексен пайызын өздері алып, қалғанын шығарып беріп отырды. Бұл қаржылар биліктің ең жоғары деңгейіне дейін барып жатты. Бұл туралы кезінде айттық та. Бірақ ешкім құлағына қыстырған жоқ. Көші-қон осындай саясатпен тоқтатылды. Ол кейбір мүдделі топтардың ыңғайын қарай жұмыс істейтін шенеуніктер арқылы жүзеге асты.

- Бүгінде көші-қон мәселесі ғана емес тіркеу жайы да қиындап тұр. Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі министрліктің жанындағы арнайы комитет таратылып, аталмыш саланы Ішкі істер министрлігінің тарапына берген соң жағдай тіптен ушығып кетті. Бұл туралы не айтасыз?

- Иә, расында көші-қонға бөлінетін қаржы ғана емес, заңдық нормаларға да өзгеріс енгізіліп жатыр. Парламент төрінде  тіркеу туралы ережеге оралмандар сол елдің азаматтығынан шығып келсін деген қосымша енгізілді. Бұл өте үлкен кедергі болып отыр. Екіншіден көшіп келетін оралманның қазақ екенін дәлелдеуі тиіс. Яғни құжатында қазақ деп жазылып тұруы керек дейді. Ал көшіп келіп жатқан қазақтардың құжатында ондай жоқ. Ешқандай мемлекет көшіп жатқан қазаққа «қазақ» деп жазып бермейді. Мұны шенеуніктер жақсы біледі. Сөйте тұра, сондай заң қабылдап алды. Осындай әкімшілік кедергілердің салдарынан көшіп келген қазақтар тіркеле алмай сандалып жүр. Не әрі жоқ, не бері жоқ. Ақыры ебін тауып тіркеле бастаған сияқты еді, тағы бір кедергі шықты. 2000 жылы қабылданған ІІМ-нің қаулысы бар екен. 15 шаршы метр аумаққа бір адамнан артық адам тіркеуге болмайды деген. Енді осы заңды негізге алып жатыр. Мысалы менің үйім 65 шаршы метр ғана. Заң бойынша бес-алты адамнан артық адам тіркей алмайды екенмін. Олардың артығын күшпен шығарып жатыр. Бұл да қазақтың келуін шектеудің қитұрқы амалы секілді көрінеді де тұрады.

- Тоқырап тұрған көші-қон саласын қайта дамыту үшін қандай қадамдар жасау керек деп ойлайсыз?

- Бүгінде көші-қоңға осы саланың тетіктерін білмейтін адамдар отыр. Соларды азайту керек. Сосын тіркеу мәселесін ретке келтіру керек. Кезінде елімізге тың игеру кезінде миллиондаған өзге ұлттар келді. Бірақ солардың қайсысынан құжат сұрадық. Үкіметтің ақшасына ауылын тұрғызып, алдына малын салып бердік емес пе? Сонау алпысыншы жылдары Қытайдан 200 мың қазақ көшіріп әкелдік. Олардан сол кезде ешкім де бүгінгідей бітпейтін құжат сұраған жоқ.

Сұхбаттасқан - Бүркіт НҰРАСЫЛ

«Халық сөзі» газеті

 

0 пікір