Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2933 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:53

РЕСЕЙ МОҢҒОЛИЯНЫ БОДАН ЕЛ ЕТПЕК

Ауа райы секілді құбылып тұратын саясат сахнасында түрлі қойылымдар көрініс тауып жатады. Анық-қанығын кім білген, әйтеуір өткен жылы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей  Лавровтың сенсациялық мәлімдемесі тың жаңалық болғаны рас. Қалың ойдың құшағында қалдырған мәлімдеме Моңғолияның алдағы уақытта Ресейдің құрамына кіретіндігі туралы әңгіменің шетін шығарған еді.

Ауа райы секілді құбылып тұратын саясат сахнасында түрлі қойылымдар көрініс тауып жатады. Анық-қанығын кім білген, әйтеуір өткен жылы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей  Лавровтың сенсациялық мәлімдемесі тың жаңалық болғаны рас. Қалың ойдың құшағында қалдырған мәлімдеме Моңғолияның алдағы уақытта Ресейдің құрамына кіретіндігі туралы әңгіменің шетін шығарған еді.

Министр Сергей Лавровтың сөзін тарқатсақ, Моңғолия 2014 жылдан бастап Ресейдің құрамына кіруі тиіс. Одан әрі тәуелсіз ел моңғол елі автономиялық республикаға айналып, федерациялы мемлекет саналатын Ресейдің қол астында жаңаша ғұмыр кешпек. Тосын шешімнің ас-тарына үңілсек, мұндай қадамға бару екі ел арасындағы визалық жүйені жойып, Ресей-Моңғолия арасындағы экономикалық байланысты жақындастыра түседі-мыс. Қазірдің өзінде Моңғолия мұнай өнімдерінің 95 пайызын Ресейден сатып алып отырғанын ескерсек, моңғолдардың орманды елдің ықпалынан шеткері жатпағандығын аңғару қиын емес. Жалпы, мұндай келісім Дмитрий Медведев Ресей президенті болған тұста, Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж екеуінің арасында 2012 жылдың 12 сәуірінде жасалған. Бұдан бөлек, ол шешімді федерациялық кеңес, артынша қазіргі жаңа президент Владимир Путин де растағанын айта кету керек. «Ресей үшін бұл бірігу тиімді болады», - дейді Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Негізінен Кеңестік кезеңде Моңғолия КСРО үшін дотациялық аймақ саналған болатын. Бүгінде ол жағдай толық өзгергені белгілі.

«Синьхуа» агенттігінің дерегінше, бүгінде Моңғолияның ішкі жалпы өнімінің өсімі 17,3 пайызға жеткен. Бұл олардың экономика-лық жағынан әлем бойынша алдыңғы орынға жылжуына мүмкіндік береді дейді мамандар. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қытайдың ІЖӨ көлемі 2011 жылы 9,8 пайыз, ал Ресейде 4,3 пайызды көрсетті. Әрине Қытай мен Ресейдің қасында Моңғолияның бұл көрсеткіші айтарлықтай жоғары емес. Бұдан бөлек Моңғолияның 1997 жылдан бері Дүниежүзілік сауда ұйымынына кіргені тағы бар. Және елдегі көші-қон саясатына арналған бағдарлама  Ресей үшін өте тиімді.

Қазірдің өзінде Ресей тарапы Моңғолияның демографиялық жағдайын ұлғайту керек деп санайды. Мұхитқа шыға алмайтын мемлекетте 2 миллион 755 мың адам ғана тұрады. Яғни әрбір шаршы шақырымға 1,8 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш Ресеймен салыстырғанда сегіз есеге аз. Сонымен қатар, Моңғолия Ресейге тұрақты түрде молибден, бидай, картоп және ешкі жүндерін экспорттайтыны тағы бар. С.Лавров айтқан мәлімдеме күшін жоймай келер жылы орындалып жатса, Моңғолияның мемлекеттік тілі моңғол тілі сол күйінде қала береді. Кирил жазуын пайдаланатын моңғол мектептеріне орыс тілін міндетті пәндер қатарына қосу назардан тыс қалып отырған жоқ. Әрі Моңғолияда тұрақты атап өтілетін мейрамдардың саны біреуге артатыны айтпаса да түсінікті. Ол 2014 жылдың мамыр айында Шыңғыс хан елінің Ресейге қосылған күні. Қазірдің өзінде сол үшін 10 мың адамға арналған павильон құрылысы жүріп жатқанға ұқсайды.

Осы орайда Моңғолияның Білім министрлігі Ресейге өз бағдарламасын ұсынып отыр. Егер ол ұсыныс қолдау тауып жатса, Моңғол мәдениетін насихаттау Ресейде қолға алынуы бек мүмкін. Бұл - туралы Моңғолияның ұлы мемлекеттік Хуралының төрағасы Дамдины Дэмбэрэл: «Біз Ресей елі моңғол-татар мемлекетінің езгісіне түскеннен бері өзара бауырласып кеткенбіз. Бір сөзбен айтқанда бұл қанау емес, екі ірі мәдениеттің өзара ынтамақтастығы. Қазір бізге сол байланысты қайта қалпына келтірудің мүмкіндігі туып отыр. Моңғол мен орыс бауырлас халық, қанымыз да бір. Енді ескі реніштерді ұмытатын уақыт баяғыда келді және қайтадан бірге боламыз. Бұл дұрыс шешім», - деп санайды.

Моңғолия мен Ресейдің бірігуіне ең алдымен орыс билігінің ынталы болып отырғаны айтпаса да түсінікті. Отарлаудың мәдениетті үлгісі іспетті келісімді Ресейдің құр жібермесі анық. Ал Моңғолияның тәуелсіз ел бола тұра, орыстың құшағына кіруінің нақты себебі әлі жұмбақ күйінде тұр.

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621