Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3585 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:50

Әсия БАҒДӘУЛЕТҚЫЗЫ. Жылан жылы – жайлы жыл!

Қазақ күнтізбесі бойынша биыл Жылан жылы кіреді. Шығыс күнтізбесі бойынша 2013 - жай Жылан емес, Су жылан жылы. Қазақта су жылан шақпайды деген наным бар. Көріпкел-жұлдызшылардың 2013 жыл бейбіт, ырысты болады деп жарыса жазуы сондықтан болса керек. Лайым, солай болғай.

 

2013-те не өзгереді?

2013 жылдың басында Қазақстан халқының саны 17 млн.-ға жетіп, артады. Бұл - жаңа жылдан күтетін басты жаңалық. Ал өмір сүрудің орта жасы 70-ке жетеді-міс. Қазақстандықтар-дың орта жасы бір жылда 0,4 жылға көтеріледі деп сендірген Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов болатын. Одан бөлек, 2013 жылы дәрігер мен науқас арасында келісім-шарт пайда болады. «Дәрігерлерді міндетті сақтандыру» деген жобаның қалай іске асатынын сонда көреміз. Парламентарийлеріміз биыл кәсіпкерлік туралы заң қабылдаймыз деп уәде берген. Жеке бизнесті дамыту жолында рұқсаттау құжаттары 30 пайызға қысқарып, мемлекеттік органдардың тексеруі азаяды-мыс (Е.Досаевтың сөзі - ред.). Былтырғы Бесобадағы жағдай құры-лыс саласына әсер етпей қоймады. 2013 жылдан бастап жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы заң қатулана түседі.

Қазақ күнтізбесі бойынша биыл Жылан жылы кіреді. Шығыс күнтізбесі бойынша 2013 - жай Жылан емес, Су жылан жылы. Қазақта су жылан шақпайды деген наным бар. Көріпкел-жұлдызшылардың 2013 жыл бейбіт, ырысты болады деп жарыса жазуы сондықтан болса керек. Лайым, солай болғай.

 

2013-те не өзгереді?

2013 жылдың басында Қазақстан халқының саны 17 млн.-ға жетіп, артады. Бұл - жаңа жылдан күтетін басты жаңалық. Ал өмір сүрудің орта жасы 70-ке жетеді-міс. Қазақстандықтар-дың орта жасы бір жылда 0,4 жылға көтеріледі деп сендірген Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов болатын. Одан бөлек, 2013 жылы дәрігер мен науқас арасында келісім-шарт пайда болады. «Дәрігерлерді міндетті сақтандыру» деген жобаның қалай іске асатынын сонда көреміз. Парламентарийлеріміз биыл кәсіпкерлік туралы заң қабылдаймыз деп уәде берген. Жеке бизнесті дамыту жолында рұқсаттау құжаттары 30 пайызға қысқарып, мемлекеттік органдардың тексеруі азаяды-мыс (Е.Досаевтың сөзі - ред.). Былтырғы Бесобадағы жағдай құры-лыс саласына әсер етпей қоймады. 2013 жылдан бастап жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы заң қатулана түседі.

Тағы бір маңызды жаңалық - жылдың ортасына қарай Бүкіләлемдік сауда ұйымына ресми түрде мүше боламыз. Индустриялық-инновациялық бағдарламаның алғашқы жемістерін де татып көруге аз қалды деп аузымызды майлап отырғанымыз бар. Биылдан бастап Қазақстанда жасалған пернетақталар, өзіміздің өндірістегі балалар аяқ киімі сатылымға шығуға тиіс.

 

Тағы да қымбатшылық...

Бюджеттен 2013 жылға 2418,117 млрд. теңге бөлініп отыр. Жылан - дәулет пен байлықтың символы. Бағалы металдар бар жерде жыланның ордасы болатыны баршаға аян. Түсіңе жылан кірсе, дәулет келеді дейді қазақ. Бұл жылы кеңшілік пен молшылық, байлыққа кенеледі дейтіні содан. Былтыр Серік Ахметов қазақстандықтардың тамаша өмір сүріп жатқандығын айтып, 2012 жылы күнкөріс минимумы 17 мың 439 теңге болса, 2013 жылы 18 мың 660-қа жетеді деп «қуантып» тастаған. 2013 жылы зейнетақы 9 пайызға өсіп, орташа зейнетақы 42 319 теңгеге тең келеді. Ал жәрдемақылар 7 пайызға  көтеріледі. Одан бөлек, экономистер Қазақстандағы компаниялар да (88 пайызы) жалақыны өсіреді деп болжап отыр. Не деген май шелпек деп дәметіп отырған шығарсыз. Бұл «бақыттың» да сұрауы бар екен. Базар бағасының көтерілгенін былайғы жұрт байқап та үлгерді. Неге десеңіз, Алматыда электр энергиясы қымбаттаса, басқа өңірлерде су тарифтері көтеріледі екен. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановтың болжауына қарағанда, әр өңірде ауыз судың бағасы 15-30 пайыз көлемінде өсіп шығады дейді. Қала мен қаланың арасында сабылып жүру де азая түсуі мүмкін. Себебі 7 қаңтардан бастап пойыз билеттері (барлық типтегі вагондар үшін) 12 пайызға өседі...

 

Жылан жылы ырысты

Соған қарамастан, жылан жылынан тек қана жақсылық күтеміз. Себебі жылан - Шығыс танымында даналықтың символы. Бұл жылы сабырлы, «жеті рет өлшеп, бір рет кесуді» құптайтын адамдардың жолы болады деседі. Жылан жылы үйленгендердің шаңырағы биік, отбасы берік, ал биыл дүниеге келген сәбилер бала кезінен талантты, ақылды болады деп есептеледі. Қарап отырсаңыз, жер бауырлаған жыланның көп қасиеті инфляция жағдайында пайдалы екен. Мысалы, бұл мақұлық аптасына бір рет азықтанады, және нәр сызбастан үш жылға дейін ұйықтай береді. Айлығы шайлығына жетпейтіндерге үлгі болмағанда, немене? Ұйықтап жатқан жыланның бойында зат алмасу процесі мүлдем тоқтайды.  Табиғаттың таңғажайып үнемшілдігін айтпайсыз ба, жылан - күн райы сәл салқындаса болды, алаңсыз ұйқыға кетеді екен. Яғни қымбаттайды деген деген су мен электр энергиясын «үнемдеуді» жыл иесінен үйренсек ләзім. Қазақта жыланды «үш кессе де кесірткелік әлі бар» дейді. Осы күнге дейін қазекем алда-жалда жыланды өлтіріп алса, жеті бөлікке бөліп, бөлек-бөлек көміп тастайды. Яғни жыланның күш-жігері, өмір үшін күресе білетін қабілеті әлеуметтік  кедергілерден шаршағандарға әбден үлгі бола алады. Жер бауырлап жорғалағанынан басқасының бәрі де біздің жағдайға жарасып тұр.

 

Тарихтағы Су жылан

Амалсыз, қожасының ел арасындағы сүйкімсіз бейнесіне бола жылан жылынан жайсыздық күтетіндер аз емес. Оған тарихтан айғақ келтіру де оп-оңай. Мысалы, 1917 жылы әйгілі төңкерістер болды, 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталды, 2001 жылы Нью-Йорктегі 110 қабат үйді қиратқан терактіден кейін ислам дініне деген көзқарас күрт өзгерді. Бірақ мұның бәрі от жылан жылдары еді. Су жылан жылы тек қана жақсылыққа бастайтынын жоғарыда айттық. Мысалы, 1953 Су жылан жылы Сталин көз жұмғаннан кейін тарихи әділеттілік орнады. Атылғандар ақталды, айдалғандар босады, шындықтың беті ашылды. Яғни келіп жеткен 2013-те әділеттіліктің бастауы болады деген үміт бар.

 

2013 жылдың даталары

Айтпақшы, 2013 жылы балетмейстер Болат Аюханов - 75,  мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов - 70, Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай әл-Тарази мен Алтынбек Қоразбаев, сондай-ақ сазгер Төлеген Мұхамеджанов - 65, ал Халық әртістері Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева, Айман Мұсақожаевалар 55 жасқа келеді. «Тірі адам тіршілігін жасайды», ал «өлі разы болмаса, тірі байымайды». Ендеше, 18 қаңтарда ақын, Алашорда қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін қалаған  ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл. Тағы бір алашордашы: ғалым, журналист, дәрігер, қоғам қайраткері Халел Досмұхамедовке 130 жыл. Бұл екі тұлғаның мерейтойларын Ерлан Қарин бастаған ұлтжанды азаматтар былтырдан бастап атаусыз қалдырып жатқан жоқ. Олардан бөлек, қазақтың сыршыл ақыны, Алаш қозғалысының тағы бір белді қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 120 жыл  толады. 28 қазанда  ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа 120 жыл болады. Дауылды күйлердің авторы, ұлы күйші-композитор Құрманғазының туғанына биыл 190, әйгілі Ақан Серінің дүниеге келгеніне 170 жыл. 11 шілде - қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл. 3 сәуірде  халық батыры, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың   бірі   Амангелді Имановтың туғанына 140 жыл. КСРО Халық әртісі, қазақтың тұңғыш кәсіби композиторы Мұқан Төлебаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл. Қазақтың әнін Парижде әуелеткен даңқты әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына 125 жыл. 23 сәуір - жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің туғанына 95 жыл. Басқа-басқа, бірақ осы даталарды өз деңгейінде атап өту - мемлекеттің парызы деп есептейміз. Одан бөлек биыл ақын-жазушылар Спандияр Көбеевтің туғанына - 135, Тайыр Жароков пен Хамза Есенжановтың туғанына - 105, Тәкен Әлімқұловтың дүниеге келгеніне - 95, Тахауи Ахтанов пен Мұзафар Әлімбаевқа - 90, Қалтай Мұхамеджановтың туғанына - 85, композитор Әсет Бейсеуовке 75 жыл толады. Тойлаймын деген адамға той көп қой. Мәселе той тойлауда емес, ер есімін ел есінде сақтауда. Мемлекеттік деңгейде тойланбаса да, бұл даталар халық жады үшін, атқамінер азаматтар үшін едәуір сынақ болғалы тұр.

Жылан қабықты жігіт

Қазақта «жылан қайыс» деген ырым бар. Қазір әбден ұмытылған, кей өңірлерде көмескі ғана белгілері сақталған жылан қайыстың мәні - баланы жауынгер қатарына қосу. Оған сауыт-сайманы мен бес қаруын сайлау. Ер-азамат үшін ең қасиетті борышы - Отаны, туған-туысын қорғау болса, ол неге жылан қайыс деп аталады? Таласбек Әсемқұловтың таратуына қарағанда, ол - бір жігіттің жер асты патшалығына түсіп, жыландар патшасы Бапы ханнан сауыт пен сайманды сыйлыққа алғаны туралы аңызға байланысты екен. Қазақтар қадір тұтатын ұсталық, зергерлік өнер - жылан патшасы Бапының берген сыйы деп қабылданатыны содан болса керек. Яғни қазақ жыланды жау көрмейді. Өзге жұрт жылан шыққан жерден көшіп кетсе, қазақтың үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салатыны да соның айғағы. Оның мәнісі неде десеңіз, бітеу жемін қорыту үшін жыланның асқазанында аппақ сұйық болады екен. Улы жылан уын шашса, усыз жылан дәрменсіз қалғанда жаңағы сасық сұйықтығын ақтара салады екен. Жағымсыз иістен есі кеткен жауы жыланды тастай салып, жөніне кетеді дейді. Яғни, 18 мың ғаламмен ғажайып үйлесімде өмір сүрген қазақ жыланның да тілін түсініп, жапа шекпеудің жолын тапқан.

Бұл жылдың да бар сынағынан алаш баласына осылай, абыроймен өтуге жазсын дейміз.

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620